№3 «Айналайын» кіші тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Жаңаөзен қаласы 18 “Мереке” бөбекжайы тәрбиешісі
Динасилова Жибек Кенжебековна
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сенсорика
Тақырыбы: «Қуыршақ Әйгерімге арналған моншақ»
Мақсаты: Сөздік жұмыс: тізілді Керекті Құралдар: Қуыршақ Әйгерім, түрлі түсті моншақтар, баулар салынған себет, әрбір балаға 4 моншақ пен бау;
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ жауап, ойын, сөздік жұмыс
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы |
Сәлеметсіздерме балалар! Шаттық шеңбері Күннің көзі ашылып, Көкке шуақ шашылсын Құтты қонақ келіпті, Төрімізге еніпті Амандасу үлкенмен Тәрбиенің басығой, Ал, кәнекей балалар Сәлем дейік үлкен Сәлеметсіздерме апайлар! Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Көктем мезгілінде неше ай бар? Қандай айлар бар екен? Көктем мезгілінде ауа райы қандай болады? Балалар біз өткен оқу қызметімізде нені өттік? Иә, балалар допты жоғары-төмен лақтырып үйрендік. |
Шаттық шеңберін қимыл-қозғалыспен орындайды
Амандасады
-көктем - 3ай -наурыз, сәуір, мамыр
Жоғары-төмен |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Олай болса балалар, бізге қонақ келген секілді, кәнекей қарсы алайықшы. Сәлем, қуыршақ Әйгерім Қуыршақ Әйгерім: «Сәлеметсіздерме балалар, мен сендерге қонаққа келдім, әрі көмек сұрауға келдім. Балалар менің мерекеге тағатын моншағым жоқ, сендер маған моншақ жасап бересіздерме? Мен өзіммен бірге түрлі түсті баулар мен моншақтар салынған себетімді әкелдім» Олай болса балалар, Қуыршақ Әйгерімге моншақ жасап көмектесемізбе? Жарайсыңдар балалар, мен сендерді моншақ түрлерімен таныстырып, жасалу жолын көрсетейін. -Балалар міне менің мына қолымда қызыл түсті бау, қызыл түсті бауға қызыл түсті моншақты тіземін, сары түсті бауға сары түсті моншақты тіземін, көк түсті бауға көк түсті моншақты тіземін, жасыл түсті бауға жасыл түсті моншақты тіземін. Түсініктіме балалар, олай болса мен сендерге қуыршақтың әкелген түрлі түсті моншақтары мен бауларын таратып берейін. Сендер өз қолдарыңмен моншақты бауға тізіп, әдемі моншақ жасаңыздар, жарайма балалар. (Балаларға моншақты бауға тізуге көмектесемін) Жарайсыңдар балалар, кәнекей айта қойыңдаршы, кім қандай түсті бауға қандай түсті моншақ тізді екен? |
-иә
-Сәлеметсізбе
-Иә
-иә Сұраққа жауап береді |
|
Балалар шаршап қалған шығарсыздар, кәнекей Қуыршақ Әйгеріммен бірге бір сергіп алайықшы. Сергіту сәті Сәлем, сәлем саусақтар Соқ, соқ соқ Сәлем, сәлем аяқтар Топ, топ, топ Сәлем, сәлем, қарақат көдерім Кірпігіме қарашы сен менің Сәлем, сәлем ерінім Ума, ума, ума Сәлем, сәлем, ауызым Аа, аа, аа Сәлем, сәлем, топ томпақ беттерім Сәлем, сәлем балалар бәріңе Жарайсыңдар балалар, енді біз жасаған әдемі түрлі түсті моншағымызды Қуыршақ Әйгерімге табыстайықшы. Қуыршақ сізге біздің балапандардың жасаған моншақтары ұнадыма? Қуыршақ Әйгерім: «Иә, рахмет балапандар, енді мерекеге әдемі болып тағып баратын болдым, Айналайын табының балапандары әдемі түрлі түсті моншақ жасап берді деп, мақтана айтып жүретін болдым. Көп, көп рахмет балалар, олай болса мен жүрейін, мерекеге асықпын, сау болыңдар балалар» Сау болағой Қуыршақ |
-иә
Сергіту сәтін іс-қимыл әрекетпен жасайды |
Рефлексиялық-түзетушілік
|
Балалар бізге қонаққа кім келді? Қуыршақ Әйгерімнің моншағы ұнадыма? Моншапен бауды кім әкелді? Қандай түстерден моншақ жасадық? Оны қалай жасадық?
Жарайсыңдар балалар! Бүгін сендерге менің де сыйлығым бар, бүгінгі оқу қызметіне белсене атсалысқандарың үшін, серуенге арналған ойыншық сыйлаймын. Серуенге шықққанда ойнаймыз, Жарайма, балалар! |
-Қуыршақ Әйгерім -иә -Қуыршақ -жасыл, қызыл, сары, Көк -бауға тіздік
-рахмет |
Күтілетін нәтижелер:
Біледі: Қуыршақтың мойнына тағатын моншақты тізеді;
Игереді: қызыл, көк, жасылғсары түстер туралы ұғымды, бауларға моншақтарды тізу керектігін;
Меңгереді: сары түсті бауға сары түсті моншақты, қызыл түсті бауға қызыл түсті моншақты, көк түсті бауға көк түсті моншақты, жасыл түсті бауға жасыл түсті моншақ тізеді;
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі