Алматы облысы Көксу ауданы
«Алпамыс» бөбекжай-балабақшасының
тәрбиешісі Отепова Нургул
Білім беру саласы: Қатынас.
Білім бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Екі әтеш» ертегісі
Мақсаты: Құстар туралы білімдерін кеңейту. Ертегі желісі бойынша тілдік қорларын молайту. Сурет бойынша ертегіні айта білуге үйрету. Теңдей екіге бөлуге үйрету, достыққа тәрбиелеу;
Міндеті: а) Ертегіні тыңдай білу
ә) Өз түсінігін жүйелі айта білуге баул
б) Көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекі құралдар: Суреттер,үн таспа, интерактивтік тақта
Кіріспе бөлім: Балалар келген қонақтармен амандасып алайық.
Кім кезіксе біздерге
Таныс емес демейміз
Апайларға біз
Сәлеметсізбе дейміз
Шаттық шеңбері: Балалар, шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық!
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу! ........
Енді ботақандар бәріміз ән салайық;
Ғажайып түс көрдім
Таң ата бүгін,
Ертегі әлемінің
Нұрына шомылдым.
Жұлдыз айы көркем,
Әдемі еді неткен.
Құстары сөйлейді,
Бұлттары төрбейді
Мен оянып кеттім,әттең..
Негізгі бөлім:
- Ал балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз.
- Күз айларын атайықшы
- Қыркүйек, Қазан, Қараша
- Балалар апта күндерін білеміз бе?
- Балалардың жауабы.
Біз неше күн балабақшаға келеміз?
- 5 күн
- Біз неше күн демаламыз?
- 2 күн
- Балалар маған назар аударыңдар.
- Сендер қандай ертегілерді білесіңдер?
«Қасқыр мен жеті лақ», «Бауырсақ» т.б
- Тақтада қанша әтеш көріп тұрсыңдар?
- Дұрыс екі әтеш
- Ендеше бүгін сендер «Екі әтеш» туралы ертегі айтып берейін.
«Екі әтеш» ертегісін бейнетаспадан көреміз, сол үшін мұқият қараңдар.
Сұрақ -жауап
- Ертегі қалай аталады?
«Екі әтеш»
- Әтеш қандай құсқа жатады?
- Үй құстарына жатады
- Ертегі не жайлы?
- Әтештер жайлы
- Екі әтеш нені қызғанды?
- Жемді
- Неүшін төбелесті?
- Тамақтарын қызғанып
Балалар орнымыздан тұрып бойымызды жазып алайық;
Сергіту сәті:
Қанатымды жазамын,
Жоғары-төмен қағамын,
Әтешке ұқсап сілкініп,
Айқайлап әнге саламын.
КУ-КА-РЕ-КУ
Оқу іс-әрекетін «Үй құстарын ата» -ойынымен аяқтау
Мақсаты: үй құстарын атап естерінде сақтау.
Шарты:Үй құстарын атаңдар дей отырып , суреттерін тақтаға іліп қайталау.
Балаларға үй құстарының суреті таратылады, тәрбиеші атайды. Балалар суретін көрсетеді.
- Үй құстарын атайды.
- Ойынға барлық балалар қатысады.
Қотытынды:
Балалар, сендерге бүгінгі оқу іс-әрекет ұнады ма?
- Иа
Ертегі не жайлы айтылды?
- Екі әтеш
Әтештер неге таласты?
- Жемді?
Жемді нелер жеп кетті?
- Көршінің балапандары.
Жарайсыңдар! Балалар, сендер бүгінгі оқу іс-әрекетке белсенді қатыстыңдар.
Балалар қуанып, апайлармен қоштасты.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі