Тақырыбы: «Алғыс айтудың шексіздігі»
Мақсаты: ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру.
Дамытушылық: үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым – қатынасын дамыту.
Тәрбиелік: әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
Керекті құралдар: бақытты балалық шақ туралы слайд.
Әдіс – тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, мақтау, мадақтау, қорытындылау.
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың қызметі |
Кіріспе бөлімі |
Тәрбиеші балаларды қатармен топқа кіргізіп, шаттық шеңберін құрғызады. Шаттық шеңбері. Қайырлы таң ұстазым Қайырлы таң достарым Шеңберге тұрайық Жылулықты сезейік -Балалар қараңдаршы, бүгін бізде ерекше күн. Бүгін бізге көптеген қонақтар келген екен, қане, келген қонақтармен амандасайықшы. -Жарайсыңдар балалар. |
Балалар шаттық шеңберін құрып, орындайды.
-Балалар келген қонақтармен амандасады.
|
Негізгі бөлім |
Олай болса балалар, орындарымызға отырайық. -Балалар көңіл-күйлерің қалай? -Ендеше осы көтеріңкі көңіл-күйімізбен сабағымызды бастаймыз. -Балалар айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі? -Көктем мезгілінде неше ай бар? -Осы үш айды кім маған атап береді? -Ал көктем мезгілінде ауа-райы қандай болады? -Бір аптада неше күн бар? -Апта күндерін кім атап береді? Өте жақсы, жарайсыңдар балалар. Ал сендер көктем мезгілі туралы тақпақ білесіңдер ме? Кім маған көктем мезгілі туралы тақпақ айтып береді? -Өте жақсы балалар, енді өткен оқу қызметін есімізге түсірейікші. Өткен сабақта біз не өтіп едік? Біздің бүгінгі өтетін оқу қызметіміз – сөйлеуді дамыту, өтетін тақырыбымыз: «Алғыс айтудың шексіздігі»-деп аталады. Олай болса балалар барлығымыз орнымыздан тұрып, күнге ұқсап шеңбер құрайық. Біз бүгін сендермен «Алғыс» тақырыбында әңгімелесеміз. -Балалар, мен бүгін өте көңілдімін, сендерші? -Өте жақсы балалар, жарайсыңдар. Балалар айтыңдаршы, сендерге жылы тілектерді үнемі айтып отыратын дүниедегі ең мейірімді, қамқоршы адам кім? -Ана бойындағы жақсы қасиеттерді атайықшы? -Балалар Ризашылық - адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.
-Анасы балаларына алғысты не үшін айтты? -Сендер қандай жағдайларда алғыс айтып жүрсіңдер? -Сендерге алғыс айтқанда қандай сезімге бөленесіңдер? -Адам өз ісіне қанағаттанып, сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді. Өзіне жасалған жақсы-лыққа ризашылық білдіруді алғыс дейміз. -Адам өзінің өмірге келгеніне қуанып, риза болады. Қолындағы барын қанағат тұтып, осының да бар болғанына рахметдеп алғысын білдіреді. Алғыс пен ризашылық білдіру өзіңді, өмірді, өмірде барды бағалаудан басталады. Адам өз ісіне қанағаттанып, сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді. Өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс дейміз. Ризашылық - адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі. -Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс - әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі. Сергіту сәті Педагог балаларға "Алғыспен ел көгерер" деген халық мақалын түсіндіреді. Үлкендердің айтқан тілін алу, сыйластыққа әкеледі. Сендердің көрсеткен көмектеріңе үлкен кісілер алғыс айтады, ризашылығын білдіреді."Алғыспенен ел көгерер"деген сөз осыдан шыққан балалар Анаға – өмір сыйлағаны үшін, Әкеге – қорған болғаны үшін, Күнге – шуағы мен назары үшін, Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін, Досқа – құшағы мен қамқорлығы үшін, Әжеге – ыстық алақаны үшін, Суға – тіршілік көзі болғаны үшін, Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін, Отқа – жылулығы үшін. |
-Балалар орындарына жайғасып отырады. -Керемет.
-Көктем мезгілі.
-Үш ай бар.
-Наурыз, сәуір, мамыр.
-Күн жылына бастайды, жиі-жиі жаңбыр жауады. -Бір аптада жеті күн бар. -Балалар апта күндерінің аттарын айтады. -Ия. -Балалар көктем мезгілі туралы тақпақ айтады.
Ана -Балалар аналарының бойындағы жақсы қасиеттерді айтады (қымбатты, ардақты, мейірімді, аяулы, қамқоршы).
Балалар әңгімені мұқият тыңдайды.
Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.
|
Қортынды бөлімі |
- Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рақмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар. |
Жүректен жүрекке: «Біздің тілек». Ғ.Жұмабаев Бізге ашық күн керек Аспан керек мөп-мөлдір Қуанышқа тұр бөлеп Бақытты өмір төккен нұр Тыныш болып жер беті Түршікпесін денеміз Азамат боп ер жетіп Ағаларға ереміз |
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі