Тайбосынова Меруерт Ратовна
1 сыныпқа ресми қабылдау ертеңгілігі
/Балалар музыка мектебіне арналған ертеңгіліктің сценарийі/
Өтетін жері: акт залы
Безендіру: тақырып жазылған плакат, түрлі-түсті шарлар, гүлдер, көбелектер, шымшыктардың, аспаптардың, көңілді ноталардың суреттері.
Техникалық құралдары: ноутбук, дыбыс күшейткіш, пульт, микрофон - 2 шт, CD- флешкалар.
Муз.аспабы: күйсандық
Музыкалық фонда
Фанфар.
1 жүргізуші:
- Қайырлы күн! Құрметті ата-аналар, аяулы ұстаздар және музыка мектебінің табалдырығын алғаш рет аттап отырған 1 сынып оқушылары.
2 жүргізуші:
- «Мен музыкант боламын» 1 сыныпқа ресми қабылдау ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Балалар, бүгінгі күн мерекелі күн, ойткені сендер 1 сыныпқа қабылданып, ант беру рәсіміне ие боласыңдар. Сонымен бірге мынадай әдемі, әсем әуенге толы ғимаратта музыка әлеміне сахат жасап, не бір әуезді де, әдемі әндер мен күйлерді үйренесіңдер!
1 жүргізуші:
Бұл домбыра тоғыз перне тағылған,
Аққан судай серпін шалқып ағылған,
Тарта білсең дұрыс қойып тиегін,
Кеңітеді көңілдің көкжиегін.
Бұл домбыра тартып сырды жүректен,
Талай ғасыр махабатты жыр еткен.
Қоссаң әнге ашылады көңілің,
Құлпырады гүл-гүл жайнап өмірің - деп, ақын жырлағандай, 1 сынып оқушысы
Қабыл алыңыздар!
2 жүргізуші:
- Енді балалар, айтыңдаршы кім музыканы жақсы көреді? (қолдарын көтереді)
- Жарайсыңдар!
- Барлықтарың да музыканы жақсы көреді екенсіңдер.
- Сендер білесіңдер ме, музыканы композиторлар жазады.
- Музыканы жазу үшін нотаны пайдаланады.
- Нотаны жазу үшін, «Скрипка кілті» қажет!
1 жүргізуші:
- Скрипка кілті - бүкіл музыка әлеміндегі әуендердің сырың ашады.
2 жүргізуші: Олай болса.... (скрипка кілті туралы тақпақты оқиды).
Ноталарды басқарған,
Басты қызмет атқарған,
Скрипка кілті түспеген,
Бес сызықты тақтадан.
- Музыка әуенімен (ортаға скрипка кілті шығады).
Скрипка кілті:
- Қане, ноталар сапқа тұрыңдар. (Ноталар қатар - қатар тұрып, өздерінің тақпақтарын айтады).
1 оқушы: «До» нотасы.
«До» нотасы бастаған,
Орындалсын асқақ ән.
2 оқушы: «Ре» нотасы.
1-ші сызық астында
Орналасқан жайы бар.
«До»-ның ылғы қасында
Қатарланған жолы бар.
3 оқушы: «Ми» нотасы.
«Ре»-мен бірге күн кешкен,
«Ми»-нотасы мен болам.
«Фа» сіңілім бірге өскен
Асқан бірге белестен.
4 оқушы: «Фа» нотасы.
«Ми» мен «Соль»-дің жолдасы.
«Фа» нотасы болғасын.
Әнұранды бастаймыз.
Республика ордасы.
5 оқушы: «Соль» нотасы.
Домбыраның ішегінің бірімін,
Ноталардың ортасында жүремін,
Менімен әркез скрипка кілті де,
Менсіз ол кілт басталмайды білемін.
6 оқушы: «Ля» нотасы.
Жаттығулар жасауға көмектескен,
«Ля» нотасы құлақтың үнін тескен.
7 оқушы: «Си» нотасы.
Бес сызықтың ортасынан орын тепкен,
«Си» нотасы балаларды билеткен.
1 жүргізуші: Керемет, 7 нотаның аттарымен танысып алдық, балалар, менің сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр, оның жауабын тез табасыңдар деп ойлаймын.
Жұмбақ
1. Бес жолмен жүреді,
Бар әуенді біледі. Ол не? (Нота)
2. Ән салады шабадан,
Ішінде жүр көп адам
Естімейді сөзіңді,
Сөйлесең де сен оған. Ол не? (Күйсандық)
2 жүргізуші: Өте дұрыс өздерің, сондай тапқыр екенсіңдер!
1 жүргізуші: Қарай гор! Ноталар тыпыршып бір орында тұра алмай тұр. Скрипка кілті, сен оларға бұйрық берші.
Скрипка кілті: (Ноталар сапқа тұрыңдар!)
Күйсандықты ашайық
Тілдерін біз басайық.
Бас дыбысты басқанда
Жайлап әнге салайық.
2 жүргізуші: Тамаша!
Біздің көңілді ноталар күйсандық аспабының көмегімен «Нота үйренеміз» әнін хормен айтып береді (тыңдайық). (сахнадан шығын кетеді).
1 жүргізуші: Балалар, сендер өнер туралы мақал-мәтелдер білесіңдер ме?
(ИӘ.... деп, хормен жауап береді)
- Жақсы........................... (ортаға 4 оқушы шығып мақалдарды айтады)
1. Өнерлі бала сүйкімді.
2. Өнер - таусылмас азық,
Сарқылмас байлық.
3. Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын.
4. Өнерлінің озегі талмас.
2 жүргізуші: Өте жақсы, барлықтарың да өнер туралы мақал-мәтелдерді біледі екенсіңдер.
1 жүргізуші:
Қос ішекті домбырам
Әсем күйін төгеді.
Күмбірлете дауысын
Ғасырдан сыр шертеді.
Дей отыра, сіздердің алдарыңызда 1 сынып оқушысы...................................
аккомпаниментпен орындап береді.
Жанеркенің тақпағы:
Үйренсең нотаны,
Ән де саласың
Барлығын он-оңай
Жаттап аласың
Сен де қосыл жасқан ба,
Әнең жетсін аспанға.
Күлімдеп қарасын аспан алабы,
Біз әнге бөлейік туған даланы.
2 жүргізуші: Ән Б.Бейсенова «Кеш жарық» 1 сынып оқушысы .................................................
Орындауында қабыл алыңыздар!
Тақпақтар
Сабина:
Елдің жырын жырлаған,
Қайғысын да толғаған,
Домбырасыз ешкашан,
Жүрекке ем қонбаған
Домбырасыз сән қайда,
Домбырасыз ән қайда,
Ән мен күй бар өмірде,
От та лаулап жанбай ма?
Оқушы: Құрманғазы, Тәттімбет,
Домбырамен сайраған,
Жүрекке от жақсын деп,
Елге күйін арнаған.
1 жүргізуші:
1 сынып оқушысы ...................................................................................... орындап береді қабыл алыңыздар!
1 жүргізуші: Жібек, сен осы оркестр дегеннің не екенін білесің бе?
Жібек: ИӘ ...... білемін.
- Оркестр деп. музыкалық шығарманы әртүрлі аспаптарда қосылып
орындайтын музыканттар ұжымын атайды.
2 жүргізуші: Айта қойшы, Жібек
Сонда оркестрде қандай аспаптар болады? (аспаптар ортаға қатар - қатар шыға береді)
Жібек: домбыра, қобыз, жетіген, шертер, сазсырнай, шаңқобыз.
1 жүргізуші: Қане, онда Аспаптар сойлесін. Жұмбақ (тақпақтарын айтады)
1 оқушы: /Домбыра/
Екі ішекті бір тиекке қондыра,
Ойнаймыз біз қолымызды талдыра,
Білсең егер айта қойшы балалар,
Бұл қай аспап, бұл-кәдімгі домбыра.
2 оқушы: /Қобыз/
Жан дүниеңді тербетеді толқытып,
Бұл аспаптың естігенде саз үнін,
Қорқыт бабам тіл бітірген қай аспап?
Бұл - әрине, қасиетті қобызым.
3 оқушы: /Жетіген/
Асықтары шашылады бетінде,
Түзетеміз асықтарды шетінен.
Білсең егер, айта қойшы балалар,
Бұл қай аспап, бұл - әрине жетіген.
4 оқушы: /Шертер/
Саз әлемін тербетер,
Ойыңды да сергітер,
Домбыраға ұқсайтын
Қызық аспап шертер.
5 оқушы: /Сазсырнай/
Әуені қандай тамаша,
Даланың сұлу назындай,
Табиғатпен үндескен,
Ғажайып аспап сазсырнай.
6 оқушы: /Шаңқобыз/
Кіп-кішкентай шаңқобыз
Аспаптарға мән берер
Оркестрге сән берер.
Жібек: Тамаша!
Аспаптардың сазды үні жүрегіңді баурап алады.
Олай болса, 1 сынып оқушыларынан құралған домбырашылар ансамблінің орындауында ....................... тыңдаңыздар!
1 жүргізуші:
Ал, тыңдаңдар, тыңдаңдар,
Асығыстық қылмаңдар!
Асықпайық дегенге,
Бөгеліп те, тұрмаңдар.
Ойшыл болса қай бала,
Тез табады сол ғана
Кел, ойланып көрейік,
Қызық жұмбақ айнала.
Жібек: (Олай болса, жұмбақтарды бәріміз бірге шешейік)
1. Ішекке ысқыш тисе болды,
Әлем сырлы әуенге толды. (қобыз)
2. Ансамбльге сылдырлап,
Қоңыраулатып үн қосты,
Тыңдаған жан елітіп,
Мейірлене үн қосты. (Асатаяқ)
3. Сызылған үні,
Әдемі тілі,
Үрлесең ойнайтын
Аспаптың бірі. (Сыбызғы)
4. Жеті торғай бес сымға,
Қонақтап кеп тынығар,
Жетеуінің ұқсамас,
Жеті түрлі жыры бар. (Нота)
5. Құлыптың аузын ашатын да,
Құлыптың аузын жабатын да құралмын.
Бірақ, бірақ бұл жерде,
Музыка әлемін ашамын. (Скрипка кілті)
1 жүргізуші: Ал, енді балалар ресми ант беру кезегі де келіп жетті.
Ант беруге дайынбыз ба?
- Иә
- Бәрекелді
- Олай болса, ресми ант қабылдау рәсімін өткізу үшін мектептің оқу-ісі жөніндегі орынбасары Әлия Сансызбайқызын ортаға шақырамыз. (ант беру мәтіні оқылады).
2 жүргізуші: - Жарайсыңдар балалар! 1 сыныпқа ресми қабылдандыңдар. Оқуларыңды жақсы оқыңдар, таңдаған аспаптарыңды жақсы меңгеруге тырысыңдар. Осы берген антты бұзбаңдар.
1 жүргізуші: Қазақ халқы өнерге өте бай. Қай кезде де болмасын халық өнерпаздарды ерекше жақсы көріп, бағалаған. Ата-бабамыздан қалған өнердің асыл дүниелері ғасырлар бойып сақталып, бүгінге дейін жетті. Осы мұралардың ертеңгі жалғастырушысы өздеріңсіндер, болашақ музыканттар!
2 жүргізуші: Өнер - ағып жатқан бұлақ,
Білім - жанып тұрған шырақ. Дейді, дана халқымыз. Сендердің өнерлеріңді болашақта сахна төрінен көрейік, қанаттарың талмасын.
Жанэльдің тақпағы:
Мен оқушы баламын,
Қолыма аспап аламын
Ноталарды меңгеріп
Мен музыкант боламын.
1 жүргізуші: Құрметті ата-аналар, аяулы ұстаздар!
Міне осымен 1 сынып оқушыларына арналған «Мен-музыкант» боламын атты ертеңгілігіміз аяқталды.
Көріскенше күн нұрлы болсын.
/Музыка ырғағымен тарқайды/
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі