Өлең, жыр, ақындар

Ана - өмір шырағы

Атырау каласы
КМҚК N21 «Алтын кілт» бөбекжай бақшасы
Саз жетекші: Айтжанова Куралай Бекболовна

Мақсаты: 8 наурыз мерекеге байланысты көңіл күйді сезінуге үйрету; балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту; анаға, әжеге сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

Жүргізуші:

Жүргізуші: Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар!

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар, қасиетті аналар!

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Аналар, әжелер, тәрбиешілер, педагогтар бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын! Мерекелік ертеңгілігімізді тамашалауға қош келдіңіздер!

Балалар топқа көңілді әуенмен кіреді.

Жүргізуші: Балалар, айналаға көз салайықшы. Көктем күн шуағын төгіп тұр. Көктемгі күннің шуағынан гүлдер қауызын ашып, жадырап, жарқырайды.Айнала толған қызыл—жасыл гүлдер. Біз гүл бағына келген сияқтымыз….

(музыка әуенімен көктем кіреді)

Көктем ханшайымы:

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Міне, келдім табиғатты оятып,

Күн күркірі нөсерімен тоя түп.

Ағаштардың тамырына қан жүрді,

Жапырағын жасыл түске боятып.

Қандай әдемі болып, құлпырып кеткенсіңдер!

Жүргізуші: Рахмет Көктем ханшайымы. Бізде мерекеге өзіміздің әнімізді ала келдік.

Ән «Ана өмір шырағы»

Көктем ханшайымы: Қандай тамаша, рахмет балақайлар.

Жүргізуші: мерекемізді балаларымыздың тақпақтарымен жалғасақ.

Көктем ханшайымы: Сендер қандай мерекені тойлап жатырсыңдар?Балалар тақпақтары.

Балалар: Көктем мерекесін, аналарымыздың  мерекесін тойлап жатырмыз.

Көктем ханшайымы: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Көктем мезгілі.

Көктем ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Өте ақылды екенсіңдер!

Әуенмен Қызылтелпек кіреді

Қызылтелпек: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Жүргізуші: Сәлеметсің бе, Қызыл телпек! Мұнда қайдан жүрсің?

Қызылтелпек: Әжемнің жағдайын сұрап, құттықтауға бара жатырмын. Осы жерден өтіп бара жатып, әуеннің дауысын естіп келдім.

Жүргізуші: Балалар, Қызылтелпек өтіп бара жатып, әуеннің дауысын естіп келген екен, ендеше Қызыл телпекке ән айтып берейік.

Ән «Әже»

Қызылтелпек: Рахмет балалар. Әжемді сағынып келе жатыр едім әже туралы орындаған әндеріңіз қатты ұнады маған.

Көктем ханшайымы: Иә, Қызыл телпек балалар өте өнерлі, менде риза болып тұрмын. Сенде қарап тұрма балалрмен мерекені тойла.

Қызылтелпек: Әрине, әрине.

Қасқырдың даусы естіледі.

Қызылтелпек: Ойййй балалар мен қорқамын, бұл қасқырдың дауысығой, енді қайтсек екен.

Әуенмен топқа қасқыр кіреді.

Қасқыр: Охо хооо, менде жеттім ау әйтеуір. Осы жақта бір мерекенің исін сезіп, балалардың көңілді даусын естіп келдім.

Қызылтелпек: қасқыр сен бізде жемеші...

Қасқыр: жооооқ жемеймін, мен бүгін сіздермен дос болуға, мерекені тойлауға келдім.

Көктем болды алақай

Қуанар барлық балақай,

Көктемде жаңбыр болады,

Далаға гүлдер толады – орманнан гүлдерді жинай келдім.  Ендеше не тұрыс Қызыл телпек балалармен ойын ойнасақ қайтеді.

Қызылтелпек:

Жасыл көктем келеді.

Самал беттен өбеді.

Көкте бұлттар көбейсе

Мөлдір тамшы төгеді

Балалар көктемде көп жаңбыр жауады. Қане «Күнмен жаңбыр» ойынын ойнайық.

Қасқыр: Әрине, менде тек тұрмайын, сіздермен ойын ойнайын.

Ойын: «Бұл пен тамшылар»

Ойынға қажетті құралдар: 2х2 метр көк түсті мата. Ақ, немесе көкшіл шарлар.

Жүргізуші:

Ананың — біз гүліміз,

 Ана – біздің күніміз!

Тек сіздерге арналады,

Міне, біздің биіміз!

Жалпы би «Ұлдар биі»

Қасқыр: Әнімізге әр беретін, кешімізге сән беретін қонақтарымызбен бірге ойын ойнайық.

Ойын «Стилист»

Алдын ала А3 форматты ақ қағазға бет пішіні қиылып дайындалады.

Балалар қалағандарынша өз ойларымен, жаңа шаш үлгісін жасайды. Аксесуарлар салады.

Көктем ханшайымы:

Тамшы, тамшы, тамшылар

Көгерді ағаш, тал шынар

Тамшылардан өнетін

Тамаша гүлдер бар шығар?!

Жүргізуші: әрине бар, гүлдей құлпырған қыздарымыздың биіде бар. Тамашалаңыздар.

Би «Гүлдер»

Көктем ханшайымы: Жарайсыңдар балалар. Сіздерден ертен атақты аспасшы, суретші, стилист шығатынына сенімдіміз. Ризамыз сіздерге.

Қызыл телпек: Иә, иә Көктем ханшайымы менде сенімдімін. Рахмет балалар...

Көктем ханшайымы: Құрметті бүлдіршіндер, қонақтар біздіңде жолға шығатын уақытымыз келді, бүгінгі аналар мерекесінде сіздермен болғаныма қуаныштымын, сіздерге өте ризамын. Рахмет.

Қызыл телпек: Иә, бүгін сондай бір қызықты мереке болды. О о о ой балалар уақыт біраз болыпты. Әжеме қалай жетіп алсам екен.

Қасқыр: Қызыл телпек мен сені әжеңе жеткізіп тастайынғ, орман қараңғы болады.

Қыл телпек: балаларыңыз өнерлі екен. Әжеме бүгінгі көргенімнің бәрін баяндап беремін. Бәлішім суып қалмай тұрғанда менде жолға шығайын.

Кейіпкерлер топтан шығады.

Жүргізуші:  

Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,

Ана дейді жас сәбиде жарқылдап.

Ана деген бәйтерегі өмірдің

Ана деген - алтын қазық, алтын бақ

Құрметті балалар, қонақтар мінекей осымен «Қызғалдақ» тобының «Ана - өмір шырағы» мерекелік кеші аяқталды, келесі кездескенше сау болыңыздар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз