Тарих пәнінің мұғалімі: Қабиев Қасен Ербулатұлы
Сабақтың тақырыбы: “60-80-ші жылдардағы Қазақстан»
Сабақтың мақсаты: Қазақстанда халық шаруашылығында орын алған өзгерістердің себептері мен мәнін түсіндіру.
Сабақтың білімділігі: Оқушыларға 60-80 жылдардағы Қазақстандағы ғылыми-техникалық прогресстің дамуын және Кеңес өкіметінің дағдырыстарын түсіндіру.
Сабақтың дамытушылығы: Оқушылардың өздігінен жеке жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, оқу материалдарындағы басты мәселені ажырата білу дағдыларын дамытуға жәрдемдесу.
Сабақтың тәрбиелігі: Оқушылардың өздігінен ізденуіне және оларға нарықтық экономикаға негізделген демократиялық материалдардан түсініктер беріп тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, картамен, сызба кестемен, Венн диаграммамен, ассоциациясымен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Сызба кесте: «Тіке теріс саясатының Қазақстан үшін салдары», «Ұлттық қатынастар», Қазақстанның территориялық-әкімшілік картасы, Дүние жүзінің саяси картасы, кесте үлгісі «Ұлттық мәдениет түрлерінің деңгейі», «Желтоқсан оқиғасы».
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды журналдағы тізім бойынша түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру, кезекші сайлау.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау: Үй тапсырмасы берілген сұрақтар бойынша сұралып, қорытылып, соңынан бағаланып, бекітіледі.
ІІІ Жаңа сабақтың барысы:
Оқушыларға сабақтың мақсатын түсіндіріп, жоспары таныстырылады. Сабақ төменде берілген жоспар бойынша қарастырылады:
Қазақстанда 1960-1980-ші жылдарда халық шаруашылығығында орын алған өзгерістері мен себептерін, оның мәнін түсіндіру.
Қазақстанның 1960-1980-ші жылдардағы мәдени өмірінің көрінісі.
Қазақстан қайта құру кезеңінде.
Бірінші тапсырма бойынша 1960-1980-ші жылдарда кеңестік халық
шаруашылығында болған өзгерістерге оқушылар көңілі аударылады.
Шаруашылықты реформалау 1965 жылы қыркүйекте КОКП ОК Пленумында қарастырылды. Хрущев реформаларынан кейін ауыл шаруашылығының нәтижелерінің төмендеуі, шаруалардың өз еңбектерінің нәтижелерінен аласталуы және азық-түлік тапшылығы сияқты кемшіліктерден арылту үшін қандай шаралар қолданылуы керектігін оқушылар ой талқысынан өткізеді.
Болжамды жауабы:
Көрсетілген кемшіліктерді болдырмау үшін ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпке кеңірек еңгізу қажет еді.
Тапсырманың екінші сұрағын қарастыруда, Қазақстанның 1960-1980-ші жылдардағы мәдени өмірінде жағымды көріністермен бірге жағымсыз көріністердің болғандығын кесте түрінде түсіндіріп, оқушылар сипаттама жасауға тиісті.
Болжамды жауаптары:
Жағымды көріністері: Тәуелсіздік алу қарсаңында Қазақстан жұртшылығы көптен күткен Шәкәрім Құдайбердіұлының, Ахмет Байтұрсыновтың, Мағжан Жұмабаевтің т.б. ақын-жазушылар мен қоғам қайраткерлерінің мұрағаттарының ақталуы, оның жарық көруі, 22 қыркүйек 1989 жылы – “Тілдер туралы заңңың” қабылдануы.
Жағымсыз көріністер төменде келтірілген ассоциативті кесте арқылы түсіндіріледі.
Жауабы:
Ұлттық мәдениеттің төмендеуі -
Мәдениет жеке мәдени үлгілер түрінде қарастырылуы;
Партия органдарының қатаң бақылауы;
Қазақ тілінің іс жүзінде пайдалануының төмендеуі;
Қазақ тілі мен ұлттық мәдениетке менсінбей қараушылық.
Үшінші тапсырма бойынша «Қазақстан қайта құру кезеңінде» – сұраққа оқушылар 80-ші жылдардың басында халық шаруашылығындағы тоқырау құбылыстарына, онда орын алған қарама-қайшылықтар мен әміршіл-бюрократиялық жүйенің қателіктеріне сипаттама төмендегі сұрақтар мен кесте түрінде беріледі.
Проблемалық сұрақтар:
Халық шаруашылығындағы тоқырау құбылысының себептері неден?
Рухани мәдениеттің құлдырау себебі неліктен?
Болжамды жауаптары:
Басқару орталығының экономикалық отарлық бағытында қалыптасып, олардың республика мен еңбешілер мүдделерімен санаспауынан еді.
Ұлттық мәдениеттің деңгейіне менсінбей қараушылықтан, кері әсерін тигізді.
Ассоциативті кесте құру:
Болжамды жауаптары:
Әлеуметтік реформалардың тежелуі;
Қазақстан экономикасының отарлық құрылымы;
Заңдылықтың сорақы бұзылуы;
Ұлттық мәдениеттің төмендеуі.
Сабақ барысында оқушылардың түсінбеген сұрақтарына түсініктеме беріледі.
IV. Қорытындылау.
Оқушылардың сабақ барысында орындаған жұмыстары төмендегі сұрақтар бойынша пысықталып бекітіледі:
Қазақстанның 1960-1980-ші жылдардағы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында орын алған өзгерістердің себептеріне?
Шаруашылықтың экстенсивті дамуының сипаты неде?
Қазақстанда 1960-1980-ші жылдардағы ұлттық мәдениеттің деңгейі қандай болды?
Республиканың ұлттық және саяси жағдайы?
Қазақстанда 1980-ші жылдары қайта құрудың басталу себебі неліктен?
Алматы қаласында 1986 жылы желтоқсанда болған оқиғаның себебі неден?
Экологиялық жағдайдың Қазақстанда төмендеуі неліктен?
Арал және Семей полигонының проблемалары?
Табиғат ресурстарының осы кезеңдердегі жағдайы.
Кеңес өкіметінің ыдырауындағы саяси жағдайлары?
Берілген сұрақтар бойынша сабақ қорытылып, бекітіледі.
V. Білімді бағалау.
Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне байланысты баға беріледі.
VI. Үй тапсырмасы:
«60-80-ші жылдардағы Қазақстан» - тақырыпты оқып, оны мазмұндау.
Тарихи терминдерге анықтама беру.
Тақырыпқа байланысты тарихи материалдарды жинақтау.
Тақырыпқа байланысты өздік жұмыстар түрін (баяндама, реферат, сөзжұмбақ құрастыру) орындау.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі