“Айкен-Тоғжан” бөбекжай балабақшасы
музыка пәні мұғалімі Жасұзакова Айгуль Сапаровна
Мақсаты: Балаларға жаңа жыл туралы түсінік беру. Аяз Ата сыйлық беретінін айтып, балаларды қуанышқа бөлеу. Шыршаның әсемдігіне назар аударып, ойыншықтардың әдемілігіне қызықтыру. Ертеңгілік барысында балаларды персонаждарға бөліп, өздері кейіпкерлендіруді ұсыну. Әндер, билер арқылы балаларды өнерге талпындыру. Өлеңдерді мәнермен айтып, ертеңгілікте достық сезімдерін ояту, ән, тақпақ арқылы сөздік қорын дамыту.
Ертеңгілік барысы: Зал іші әдемі безендірілген. Ортада әдемі шырша. Әсем әуенмен әдемі киінген балалар.
Жүргізуші: Құрметті балалар, ата-аналар, қонақтар! Жаңа жыл құтты болсын! Жаңа жыл құт береке әкелсін! Балаларыңызбен бірге бақытты болыңдар!
Біздің: «Қош келдің, жаңа жыл» ертеңгілімізге қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Бақыт, шаттық, тыныштық
Ит жылы әкелсін бәрімізге
Жүргізуші: Балалар орындауында ән «Кел, кел, Жаңа жыл» балалар шыршаны айналып жүріп айтады.
Жүргізуші: Балалар орнымызға отырайық. Ал ендеше жаңа жыл туралы тақпқтарымызды айтайық.
Қ.Мадияр:
Кел балақай шырша дайын
Қол ұстасып ән салайық
Жаңа жылдың жарқын айын
Әнмен бимен қарсы алайық.
Д.Мадияр:
Не ойласаң жаңа жыл
Орындалады бар арман
Жаңа жылды сондықтан
Күтеді барлық балалар.
Жүргізуші: Балалар, Аяз Атаны шақырайық, естімейтін шығар, қатты дауыстап шақырайық!
Балалар: Аяз Ата, Аяз Ата, Ақшақар! (2-3рет)
Әуенмен Гном жүгіріп келеді.
Гном: Хат бар, хат бар! Сәлеметсіздерме балалар! Қонақтар!
Жүргізуші: Хат дейсізбе, бұл хат кімнен?
Гном: Аяз атадан оқыңыз.
Жүргізуші: Хатты оқиды. Сәлеметсіздерме балалар! Жаңа жыл құтты болсын! Асығып келе жатқанымда сыйлығым шашылып қалды. Мен келгенше Ақшақарды шақырып алыңыздар.Олай болса Ақшақарды шақырайық.
Балалар: Ақшақар, Ақшақар. Осы кезде әуенмен Ақшақар келеді.
Ақша қар: Сәлеметсіз бе, балалар!
Сәлеметсіз, бе қонақтар!
Жаңа жыл құтты болсын!
Жаңа жыл сізге зор денсаулық, мол бақыт әкелсін!
Жүргізуші: Төрлетіңіз Ақшақар біздің балаларымыздың орысша тақпақтарын тыңдаңыз.
Тақпақтар: Қуандық. Мунира. Муниса. Айару. Айқын. Ақбота. Ғалымжан
Ән:
Балалар:
Ақшақар: Балалар, Аяз атаны шақырайық, шыршамыз көңілсізғой шамдарын жағып берсін.
Балалар: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата!
Аяз ата:
Амансыңба, ұлдарым
Есенсізбе бе қыздарым
Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан
Асау желмен жарысқан
Қасымда бар Ақшақар
Ол да ренжіп қалмасын
Ең бақытты балалар
Оған да ән, би арнасын!
Жүргізуші: Рахмет, Аяз Ата! Аяз Ата, қараңызшы біздің шыршамыздың шамдары жанбай тұр. Шырша шамдарын сиқырлы таяғыңызбен жағыпп беріңізші.
Аяз Ата: Қуант, бізді, таңырқат. Шамдарыңды жарқырат! шыршаны жағады.
Би: «Ақшақарлар биі»
Жүргізуші: Аяз Ата, біздің балабақшаға келгенше шаршаған шығарсыз отырыңыз? Аяз Ата шырша жанына орындыққа отырады. Ал біз ойын ойнайық.
Ойын: «Кім көп шар жарады»
Жүргізуші: Аяз Ата, біздің балалар сізге арнап тақпақтарын айтқысы келеді.
Арнат:
Қош келдің Аяз Ата
Болып бізге сыйлы қонақ
Қарсы аламыз құрмет етіп
Жаңа жылдың нұрын орап.
Ерасыл:
Шаттық нұр шаттық нұр
Дидарында шаттық нұр
Аяз Ата ортада
Арқасында қапшық жүр.
Аяз Ата: Жарайсыңдар, балалар, өте керемет!
Мунира: Аяз ата, мен ертегіден келген Ханшайыммын. Мен осындағы достарыммен би билегім келіп тұр.
Жүргізуші: «Вальс» биі
Аяз Ата: Өте керемет билейсіңдер екен.
Балалармен ойын ойнайық.
Ойын: «Пима ки»
Балалар пиманың бір сыңарын киіп, шыршаны айнала жүгіреді, бірінші келген жеңіске жетеді.
Аяз Ата балаларды мақтайды.
Осы кезде қорқынышты әуен естіледі де шыршаның артынан Мыстан кемпір шыға келеді.
Мыстан кемпір: Ха-ха-ха. Сізге шырша жоқ.Сындырамын шыршаны.
Эй-эй, қарақшылар би билейік, шыршаны сындырайық.
Жүргізуші: Мыстан кемпір біздің кішкентай қарақшылар сізбен би билегісі келіп тұр. Соны тамашалаңыз.
Би: «Қарақшылар»
Ойын: Ата-анамен жаңа жыл туралы ойын ойналады.
Аяз ата: Мыстан кемпір тектігіңді қой былай болмайды. Балалардың тақпақтарын тыңдайық.
Тақпақтарға кезек берейік.
Қуандық:
Сықыр-сықыр басқанда,
Жылтылдайды ақшақар.
Ақшақарға аунайды,
Сағынғандай балалар.
Абай:
Шаттық нұр,шаттық нұр,
Дидарында шаттық нұр.
Аяз ата ортада,
Арқасында қапшық жүр.
Жүргізуші: Балалар орындауында ән «Аққала»
Маханбет: (Гном) Аяз ата бүгін меніңде гном достарым көп екен. Солармен би билеп берейін.
Би: «Гномдар»
Осы кезде Мыстан кемпір құлайды.
Жүргізуші: Мә-ә Мыстан кемпірге не болды гномдар түртіп қараңдаршы.
Мыстан кемпір: Айқайлайды.
Тары-бары растабары,
Елка-шырша-каламбей.
Шуры-муры-шары-вары,
Самба-ламба, Вилки-вэй. Гномдарды қуалайды.
Жүргізуші: Аяз Ата, таяғыңызбен Мыстан кемпірді сиқырлап тастаңызшы, балаларға кедергі болмасын. Аяз ата Мыстан кемпірге таяғын тигізеді.
Мыстан кемпір: Кешірім сұрайды, қоштасып шығып кетеді.
Жүргізуші: Аяз Ата, Ақшақар, балалар ән орындағысы келеді.
Би: Салтанаттың «Тауыс» биін тамашалайық.
Ән: «Аяз ата» ( балалар шеңбер бойында орындайды)
Жүргізуші:Аяз ата,Ақшақар біздің балаларымыздың ағылшын тіліндегі тақпақтарына кезек берейік.
1.Қуандық. 2.Абай. 3.Ердәулет. 4.Ақерке.
Аяз Ата: Өте жақсы, білімді балалар екенсіңдер.
Жүргізуші: Балаларға сұрақ келер 2017жыл ненің жылы?
Балалар: Тауық жылы.
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар. Ал, келе жатқан жаңа жылымыз ненің жылы?
Балалар: Ит жылы.
Жүргізуші: Олай болса, Тауық жылы мен Ит жылын қарсы алайық.
Тауық жылы:
Аппақ бүгін қыр далам,
Ақ дастархан жапқандай.
Жасыл шырша жанына
Ит жылы Қош келдің!
Сәлем саған баршадан!
Ит жылы:
Көңілде көп қуаныш,
Әр көңілде жақсылық.
Тауық жылы мың алғыс,
Әкелген көп жақсылық!
Жүргізуші: Тауық пен Иттің «Достық» биін тамашалаңыздар.
Ән: «Шырша жыры»
Жүргізуші: Аяз Ата бугін біз ән айттық, би биледік, сіз бізге сыйлық бересіз бе?
Аяз Ата: Өте әдемі өнерлі балалар екенсіңдер, сіздерге сыйлығымды берейін. Аяз Ата мен Ақшақар балаларға сыйлық таратып қоштасып кетеді.
Құттықтау сөзі: Балабақша директоры Л.С.Жанбосыноваға беріледі.
Жүргізуші: Осымен біздің №6 «Айгөлек» мектепалды даярлық тобының ертеңгілік кеші аяқталды!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі