«Ақмола облысы білім басқарасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Есіл қаласының
№3 «Балбөбек» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Тәрбиеші: Хамза Әйгерім Асқарбекқызы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің конспектісі
Күні: 31/05/2022 жыл
Білім беру саласы: «Таным» «Қатынас»
Оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет, сөйлеуді дамыту, сенсорика
Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат.
Мақсаты: - ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту;
- ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету;
- ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
- қиялдау, мәнерлеп сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілетін дамыту.
Ресурстар: керек құрал-жабдықтар
Әдіс-тәсілдер: 4К моделі, саралау, бақылау, командада жұмыс жасау, сыни ойлау, коммуникативтілік, саралау педагогтің түрлі қажеттіліктері мен деңгейі бар балаларға қолдау көрсету; диалог, сұрақ қою, нәтиже.
Сөздік жұмыс: ғажайып, сиқырлы.
Билингвалды сыңары: ғажайып - удивительный, сиқырлы – волшебный.
Көрнекіліктер: әр түрлі ертегілерден суреттер, құрастыруға арналған кескіндер мен құрал- жабдықтар
ҰОӘ-ті : Кіріспе
- Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті. Сондықтан бірінші қонақтарымызбен жақсылап амандасып алайық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызға құрметпен
Бас иеміз біз.
- Балалар бүгін көңіл - күйлерің қалай?
«Бауырсақ» балаларды «Ертегілер әлеміне» шақырады.
- Жақсы болса, бәріміз бауырсақпен жүрейік. Ертегілер еліне баратын жолды бауырсақ тауып береді.
Негізгі бөлім
1-тапсырма «Қандай ертегі»
«Үш торай»
- Қараңдаршы балалар, мына суреттерде ертегі торайларға үйшік жасап берейік . Текшелер мен үшбұрышты
4К моделі, сыни ойлау, коммуникативтілік, саралау педагогтің түрлі қажеттіліктері мен деңгейі бар балаларға қолдау көрсету; диалог, сұрақ қою, нәтиже.
Сергіту сәтті:
Түлкі көріп аңшыны
Оңға қарай жүгірді
Жан-жағына қарады
Артына ақырын қараса
Аңшы кетіп барады
2-тапсырма «Шұбар тауық»
- Ал бауырсақ, балаларға тағы қандай тапсырмаларыңыз бар?
- Бұл қай ертегілер екен? Не көріп тұрсыңдар??
- Жарайсыңдар, балалар.
Сары жұмыртқа немесе ақ жұмысрқаның пішінін табу. Суретке орналастыру.
Ойын
3-тапсырма «Бауырсақ ертегісі»
Балалар суретпен жұмыс жасайды бала үні, сұрақ-жауап.
Ата мен әжеге ермексаздан жолды құрау. Балалар сендер неткен мейірімді, ақылдысыңдар.
Бауырсақ: Ертегі әлемі сендерге ұнады ма?
- Онда менің сендерге сыйлығым бар, ол ана қорапшаның ішінде, оны тек топтарың барып ашыңдар. Қолдарыңнан ұстап, көздеріңді жұмыңдар.
- Балалар көзерін жұмып топқа келеді.
Қорытынды
Балалар сендерге ертегілер ілемі ұнады ма?
Сырым саған не ұнады?
Марьям саған ше
Ал Диляра не ұнапты?
Қане сыйлыған ашып көрейікші, не бар екен. Балалар қане қонақтар мен қоштасайық.
Сау болыңыздар!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі