Ақмола обылысы Зеренді ауданы
«ЖОББ Ақадыр мектебі» КММ, «Балбұлақ» кіші орталығы
Орындаған: Харагиз Лена
Тексерген: Силам М.
Білім саласы: «Шығармашылық»
Бөлім: «Жапсыру»
Тақырыбы: «Ғажайып қыс»
Мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту. Өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету. Қысқы ойындарға қажетті құралдарды атау. Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету, ғажайып сәт, ойын, сергу сәті
Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер, аққала, ойынға қажетті заттар.
Шаттық шеңбері:
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын алайық,
Таза ауаны жұтайық,
Жүрекке жылу салайық,
Мейірімділік жылуын алайық,
Жиналған жылы шуақты,
Қонақтарға шашайық.
Жұмбақ:
Тісі жоқ тістеп алады,
Қолы жоқ сурет салады.
(Аяз)
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
(Қар)
Таңғажайып сәт:
(есікті тақылдатып Аққала кіреді).
Аққала: Сәлеметсіңдерме балалар, сендер мен туралы айтып жатқандарыңды естіп сендерге келдім. (қолында сумка).
Тәрбиеші: - Қараңдаршы балалар бүгін бізге қонаққа аққала келіпті.
- Аққала бізге қош келдің.
Аққала:
Мен сендерге тапсырмалар ала келдім.
Тәрбиеші: - Аққала бізге көптеген тапсырмалар ала келіпті. Қане балалар олай болса аққаланың әкелген тапсырмаларын орындайық.
Аққаланың тапсырмалары:
1 тапсырма:
Ойын:«Қар жинау»
Ойын шарты: Балаларды екі топқа бөлу. Ортада жатақан қағаздан умаждалып жасалған қаршықтарды, шелекке тез жинау. Қай топ тезірек жинайды, сол топ жеңіске жетеді.
2-тапсырма: Қыс туралы тақпақ айту.
Алдияр:Қыр басына шарқ ұрып,
Бір орында тұрмаймыз,
Шана сүйреп барамыз,
Қырдан төмен ағамыз
Жантөре: Қандай суық қыс деген?
Қалтырайды құс деген.
Құлақшынды кимесең
Құлағыңды тістеген.
Алдияр: Қар жауыпты далаға,
Қар жауыпты қалаға.
Сырғанаймыз енді біз,
Отырып ап шанаға.
3-тапсырма:
Сергіту сәті:
Тәрбиеші: -Балалар ендеше орнымыздан тұрып сергіту жаттығуын аққаламен бірге орындайық.
(экраннан көрсетіледі, қимылмен көрсету).
- Аққала біздің балалар сіздің берген тапсырмаңыздың бәрін орындады, тағы қандай тапсырмаңыз бар келіп айтыңыз.
Аққала: Жарайсыңдар балалар менің акелген тапсырмамның бәрін дұрыс орындадыңдар.
- Ой, ой мен еріп барамын.
Балалар мына жер ыстық екен,
Тәрбиеші:
-Балалар аққала жылы жерге келіп еріп барады, біз оған көмектесейік.
Желіммен жұмыс:
Ақ қағазда аққаланың суреті берілген, сол қағазға мақта арқылы аққала жапсыру.
Аққала: Рахмет балалар, сендер менің тапсырмаларымды орындадыңдар және маған көмектестіңдер рахмет сендерге өте ақылды, тапқыр екенсіңдер сендерге алғыс айтып, мен өзіммен бірге алып келген сыйлығымды берейін (қағаздан жасалған жұлдызшаларды береді балаларға).
- Ал балалар мен еріп кетпей тұрғанда қайтайын. Сау болыңдар!
Тәрбиеші: Балалар аққаламен қоштасайық.
Балалар: Сау болыңыз, Аққала! Келесі кездескенше. (Аққала шығып кетеді)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Енді келген қонақтарымызбен қоштасайық.
Қорытынды:
Тәрбиеші: Балалар бүгін біз жылдың қай мезгілі туралы әңгімелестік?
Бүгін бізге қонаққа кім келді?
Барлығымызға сабақ ұнадыма?
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, келгендеріңізге көп рахмет! Қош сау болыңыздар!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі