Өлең, жыр, ақындар

Оқушылардың білімін анықтауға арналған тест тапсырмалары 2 сынып

«Мықтыкөл ауылының негізгі орта мектебі»
бастауыш сынып мұғалімі: Хапар Нұргүл

1. Түбір сөзді тап
А. Сулық
Ә. Оқулық
Б. Ән

2. Түбірлес сөздерді көрсет
А. Жазу, жазушы
Ә. Жұмыс, жазу
Б. Жыр, күй

3. Қосымшаны көрсет
А. Жалғау, түбір
Ә. Жұрнақ, жалғау
Б. Түбір, жалғау

4. Жұрнақ деген не?
А. Сөздің мағынасын білдіретін қосымша
Ә. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша
Б. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша

5. Жалғау деген не?
А. Сөздің мағынасын білдіретін қосымша
Ә. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша
Б. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша

6. Түбір сөзге алдымен не жалғанады
А. Жалғау,жұрнақ
Ә. Жалғау, дыбыс, жұрнақ
Б. Жұрнақ жалғау

7. Зат есім нені білдіреді?
А. Заттың санын
Ә. Заттың атын
Б. Заттың іс-қимылын

8. Зат есімнің сұрақтарын көрсет
А. Қанша? неше? нешінші?
Ә. Не істеді? Қайтті?
Б. Кім? кімдер? не? нелер?

9. Зат есімді тап
А. Көкшіл
Ә. Тікұшақ
Б. Көрінбейді

10. Зат есімнің көптік жалғауларын көрсет
А. - ның, - ныңыз, - діңдер, - тың
Ә. - лар, - лер, - дар, - дер, - тар, - тер
Б. - тар, - дің, - тің, - лер, - дар.

11. Етістік нені білдіреді?
А. Заттың санын
Ә. Заттың іс-қимылын
Б. Заттың түрін, түсін, сапасын

12. Етістіктің сұрақтарын көрсет
А. Кім? не?
Ә. Қанша? неше?
Б. Не істеді? Қайтті?

13. Етістік түрлерін көрсет
А. Дара, көпше
Ә. Дара, күрделі
Б. Күрделі, жекеше

14. Сын есім нені білдіреді?
А. Заттың атын
Ә. Заттың түрін,түсін,сапасын
Б. Заттың іс – қимылын

15. Сын есімнің сұрақтарын көрсет
А. Кім? нелер?
Ә. Қандай? қай?
Б. Қай? Қашан?

16. Сын есімді тап
А. Таулар
Ә. Жаңбырлы
Б. Он төрт

17. Дұрыс байланысқан зат есім мен сын есімді көрсет
А. Ұшақ қонды
Ә. Нәзік құс
Б. Тез кел

18. Сан есім нені білдіреді
А. Заттың атын
Ә. Заттың түрін, түсін, сапасын
Б. Заттың іс-қимылын

19. Сан есімнің сұрақтарын көрсет
А. Қандай? қанша?
Ә. Не? нешінші?
Б. Қанша? неше?

20. Заттың ретін білдіретін сан есімді тап
А. Он алты
Ә. Сегізінші
Б. Алтауы

21. Мына сөздер қай сөз табына жатады?
Алты, он екі, жүз
А. Етістік
Ә. Сын есім
Б. Сан есім

22. Дұрыс байланысқан сан есім мен зат есімді көрсет
А. Үшеу терезе
Ә. Екі түйе
Б. Қақпаға алтыншы

23. Дұрыс жазылған сан есімді көрсет
А. Онекі
Ә. Он алтыншы
Б. Оныншы алты


Пікірлер (1)

Фатима

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз