Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары:
11.5.1.7 аминқышқылдарының жүйелі және тривиальді аталуын атау;
11.5.1.8 аминқышқылдарының құрамын, құрылысын сипаттау
11.5.1.9аминқышқылдарының қасиеттерін түсіндіру;
Сабақтың мақсаты: Аминқышқылдарның құрамындағы функционалдық топтармен,құрылысымен, қасиеттері және қолданылуымен танысу.
Бағалау критерийі:
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Оқушыларды тексеру. «Жүректен жүрекке жылы сөз»
«Білімге апаратын жалғыз жол – бұл іс-әрекет»
Бернард Шоу
Бұл дегеніміз – құрметті оқушылар, бүгінгі сабақты меңгеру ол сіздердің іс-әрекеттеріңізге байланысты. Бүгінгі аминқышқылдар тақырыбының презентациясын «Химикон» фирмасы жүргізеді.
Онда келесідей бөлімдер жұмыс жасайды.
1.«Өткенді еске түсіру бөлімі»
С – 46, 7% , Н – 8,7 %, О – 31%,N – 1 3, 6%. Заттың формуласын анықтаңыз.
Біздің ағзамыз – өте күрделі жүйе, ол ұйқы кезіндеде жұмыс жасап тұрады. Адамның қ.ж. өмір сүруі үшін 20АҚ керек, оның 12 организмде өзі синтезделеді, ал қалған синтезделмейтін АҚ тек тамақтан аламыз.
Ең бірінші аминқышқылдарын 1806жылы спаржа құрамынан алған, ал соңғы ашылған аминқышқылы треонин 1938 жылы ақуыз құрамында ашылған. 1820 ж. француз химигі Анри Браконно жануар терісімен тәжірибе жүргізді. Шеміршекті, сіңірлі теріні күкірт қышқылы ерітіндісімен ұзақ уақыт қайнату нәтижесінде, тәтті дәмі бар ақ кристалды зат глицин алған.
Аминқышқылдары деп– молекула құрамында көмірсутек радикалымен байланысқан амин тобы – NH2 және карбоксил тобы – СООН болатын азотты органикалық қосылыстарды айтады.
Жалпы формуласы: Жалпы формуласы: (NH2)m R (СООН)n. Оларды карбон қышқылдарының туындылыры деп қарастыруға болады, себебі молекула құрамындағы СН радикалдарындағы сутегі атомын аминтопшасы орнын басқан. Ең қарапайым өкілі аминсірке қышқылы -NH2 —СН2 —СООН. Әлі күнге дейін алғашқы тарихи атауы аминсірке қышқылы- глицин деп аталады. Аминоқышқылдары белок молекуласын құрайтындықтан олардың маңызы өте зор. Аминқышқылдары – гетерофункционалды қосылыстар:
– NH2 амин тобы
– COOH карбоксил тобы
– SН тиол тобы
– ОН гидроксил тобы
Амин қышқылдарының кейбір өкілдері.
Аминқышқылдары деп– молекула құрамында көмірсутек радикалымен байланысқан амин тобы – NH2 және карбоксил тобы – СООН болатын азотты органикалық қосылыстарды айтады.
Жалпы формуласы: Жалпы формуласы: (NH2)m R (СООН)n. Оларды карбон қышқылдарының туындылыры деп қарастыруға болады, себебі молекула құрамындағы СН радикалдарындағы сутегі атомын аминтопшасы орнын басқан. Ең қарапайым өкілі аминсірке қышқылы -NH2 —СН2 —СООН. Әлі күнге дейін алғашқы тарихи атауы аминсірке қышқылы- глицин деп аталады. Аминоқышқылдары белок молекуласын құрайтындықтан олардың маңызы өте зор. Аминқышқылдары – гетерофункционалды қосылыстар:
– NH2 амин тобы
– COOH карбоксил тобы
– SН тиол тобы
– ОН гидроксил тобы
Амин қышқылдарының кейбір өкілдері
1.Көміртек қаңқасының изомерленуі:
3-аминбутан қышқылы, осы қышқылдың изомерін жазайық.
Дескриптор:Аминқышқылдарының изомерлерін жаза алады.
2.Функционалдық топтың орнына байланысты (тізбекті нөмірлеп, заттың атауын беріңіздер):
3) Функционалдық топтардың санына қарай жіктеледі
NH2 – R – COOH моноаминмонокарбон қышқылы
(NH2)2 – R – COOH диаминмонокарбон қышқылы
NH2 – R – (СООН)2моноаминдикарбон қышқылы .
Алынуы: Практикада аминқышқылдарын көбіне белоктарды гидролиздеу арқылы алады, ал қоспадан бөліп алу үшін хромотаграфия әдісі қолданылады. Синтездік алыну әдісі органикалық заттар арасындағы генетикалық байланысқа негізделген:
КҚ галоген туындысын не олардың тұздарын аммиактың артық мөлшерімен өңдеу арқылы:
CH3—CH2—COOH + Cl2 CH3—CHCl—COOH + HCl
сірке қышқылы хлорсірке қышқылы
CH3—CHCl—COOH + 2NH3 CH3—CH(NH2)—COOH + NH4Cl
хлорсірке қышқылы аминсірке қышқылы
Физикалық қасиеттері: Аминқышқылдары – суда жақсы еритін түссіз кристаллды заттар, жоғары температурада балқып, ыдырайды. Спиртте нашар ериді және эфирде тіпті ерімейді.Көпшілік α – аминқышқылдарының дәмі тәтті болады.
АҚ химиялық қасиеттері:
Аминқышқылдарыныңқасиеттері амино- және карбоксил топтарымен
анықталады.Олардағы екі топтың өзара әсерінен тек
аминқышқылдарына тән қасиеттер көрсетеді.
Негіздік- қышқылдық қасиет көрсететін реакциялар бір молекулада
қышқылдық топ (--СООН), және негіздік топ(-NH2).
1.СООН тобының қатысуымен жүретін реакциялар (қышқылдық қасиеттері):
NH2— CH2 —COOH+NаОН→NH2 — CH2 —COONа +НОН
2.АҚ негіздермен және тұздармен әрекеттеседі:
NH2— CH2 —COOH+Nа2СО3 →NH2— CH2 — COONа +СО2+Н2О
3.АҚ спирттермен әрекеттесіп, күрделі эфирлер түзеді:
NH2— CH2 —COOH+ СН3ОН→NH2— CH2 — COOСН3+ Н2О
4.Амин тобының қатысуымен жүретін реакциялар (негіздік қасиеттері):
Н2N – СН2 – СООН + НСI → [H3N+ – СН2 - СООН]СI-
5. АҚ өзара молекулаішілік реакцияға түсіп пептидер түзеді(аланин мен глициннің әрекетесуі):
Пептидтік байланыс деп 1 АҚ альфа кароксил тобымен 2 АҚ α амин тобы арасында түзілген байланысты айтады.
1.Аминқышқылдары дегеніміз құрамында амин және карбоксил топтары бар қосылыстар.
4.Ақуыздың құрамына 20 В аминқышқылы кіреді
Дескриптор: АҚ туралы жалпы мәліметтерді біледі.
а) 2-амино 3-бутил пропион қышқылы
б) 3-амино 4,5-дигексил капрон қышқылы
в) 2-амино, 3-гептил валериан қышқылы
г) 3-амино 4-декил, 5 нонил энант қышқылы
д) 2-амино 3-бутил пропион қышқылы
е) 2-амино 4,5-дигексил капрон қышқылы
ж) 2-амино, 2-гексил валериан қышқылы
3) 3-амино, 4-пентил 5 нонил энант қышқылы
Дескриптор: берілген формуланын құрылымдық және қысқартылған формуласын құрастыра алады.
Дескриптор: АҚ функционалды топтар бойынша жіктей алады
1.Аминсірке қышқылының натриймен әрекеттесуі
2.Аминпропан қышқылының натрий гидроксидімен әрекеттесуі
3.Аминсірке қышқылының этил спиртімен әрекеттесуі
4.Аминпропан қышқылының Na2CO3 әрекеттесуі
Дескриптор: АҚ химиялық қасиеттерін жаза алады.
Қолданылуы: Аминқышқылдары тірі тіршілік үшін қажетті полпептидтер мен белоктар бастапқы құраушы заттар ғана емес,өздерінің жеке алғанда физиологиялық маңызды функциясы бар қосылыстар. Аминқышқылдары мен оның қосылыстарын өнеркәсіптің көптеген салаларында қолданады: тамақ,медицина(глицин ағзғаға күш беретін,мидың жұмысын жақсартатын дәрі ретінде), микробиологияда,химияда. Жапондықтар кептірілген теңіз өсімдіктерін қосу тамақтың дәмін, иісін жақсартатынын байқаған. 1909 жылы жапон ғалымы Икеда бұндай өзгерістің себебі глутамин қышқылында екенін анықтаған.
Бүгінгі тақырып бойынша қысқаша 5 сөйлем жазып шығыңыз
1.Аминқышқылдарының құрамында қасиеттері бір-біріне қарама-қарсы екі функционалдық (амин және карбоксил) топтары бар.
2.Амфотерлі органикалық қосылыстар.
3.Халықаралық, рационалды және тривиалды номенклатура бойынша атайды.
4.Гетерофункционалды қосылыстар.
5.Биполярлы иондар, күрделі эфирлер және полипептидтер түзеді.
6.Аминқышқылдарының тіршілік үшін маңызы зор
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі