Тақырыбы: Әз, Наурыз
Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Балаларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: Салт-дәстүрге сай безендіру, нақыл сөздер, ұлттық тағамдар.
Жүргізуші: Армысыздар халайық!
Бармысыздар халайық!
Наурыз тойын жұп жазбай,
Жылда қарсы алайық.
Мереке наурыз жыл басы
Наурыз тойы құтты болсын!
Дендеріңіз сау, мықты болсын.
Аман есен болайық.
Баршамызға тілегім осы халайық
Еліміздің несібесі көп болсын!
Жауын жауып жер бетіне көк толсын!
Даламызға бұл жаңа жыл құт болсын!
Жүргізуші.
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй деп Абай атамыз айтқандай ертеңгілігімізді тамаша әнімізбен бастайық.
Ән: «Наурыз көктем»
Жүргізуші:
Қашан да құт – береке орнасын деп,
Тойларда шашу салты елімнің.
Уа, халайық теріп ал шашуыңды
Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін!
Әжелер шашу шашады
Би: «Ұлдар биі»
Жүргізуші: Мұсылман ұғымы бойынша 21 - наурыз күні түнгі сағат үште аспаннан Қыдыр ата түседі екен. Осы түні әр адам қандай ой-арман ойласа, ол қабыл болады деп ырым еткен. Ортаға Қыдыр атамызды шақырайық(Қыдыр ата келеді).
Хормен: Қош келдіңіз Қыдыр ата!
Қыдыр ата: Армысыздар халайық! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Жүргізуші: Қош келдіңіз!
Ұлыс күні қазан толса
Ол жылы ақ мол болар
Ұлы кісіден бата алсаң
Сонда олжалы жол болар, деп өзіңізден бата сұраймыз.
Қыдыр ата бата береді:
Ұлыс оң болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Денсаулықтарың зор болсын!
Көйлектерің көк болсын!
Қарындарың тоқ болсын!
Қуаныш шаттық көп болсын! (Аумин)
Жүргізуші: Айтқаныңыз келсін Қыдыр ата!
Кезекті балаларымыздың наурызға арналған тақпақтарына берейік.
1 бала:
Наурыз тойы тамаша,
Наурыз тойы жаңаша.
Әр жүректен ән тарап
Шаттанады шартарап!
2 бала:
Жыл басы – Наурыз, мереке!
Ақ нұрға әлем оянды.
Наурыз той береке.
Тіршілік жаңа оянды.
Наурыз құтты болсын!
3 бала:
О, ағайын, ағайын
Думанға толы маңайың
Мереке болып келіп тұр
Наурыз айы – бал айың
4 бала:
Наурыз тойы – тамаша
Наурыз тойы – жаңаша
Табиғатта тамаша
Тамылжып тұр жараса.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі