Өлең, жыр, ақындар

Балалар әдебиетінің бәйтерегі С. Бегалин

Түркістан облысы Жетісай ауданы Асықата кенті 
№11 «Жеңіс» мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Халикулова Меруерт Болисбековна

«Балалар әдебиетінің бәйтерегі» С.Бегалиннің туылғанына 130 жыл

Мақсаты: Оқырмандарға балалар жазушысы С.Бегалин жайында мағлұмат бере отырып, оның өлеңдерімен шығармашылықтарын таныстырып, оқушыларды адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сәлеметсіздер ме Құрметті ұстаздар және оқушылар бүгінгі кешіміздің тақырыбы «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» С.Бегалиннің 130 жыл толуына орай кешімізге қош келдіңіздер. Енді осы кешімізді бастаймыз.

Сапарғали Бегалин Ысқақұлы 1895 жылы  қараша  айының 24-де Шығыс Қазақстан  облысында, Абай  ауданында, Дегелең  ауылында дүниеге келген.

Сапарғали Бегалин – жазушы, қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Бегалин 1915 жылы Семей қаласындағы орыс-қазақ училишесін бітірген.

Бегалин шығармашылық жолын өлең жазудан бастаған.

Сапарғали Бегалин - Ақмола өңірінен шыққан қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі.

Алысқа келу керек Сапекеңше:
Тік бойлы, тастай дене, биік еңсе,
Сиятын қара көз осы қарақасқа
Отыз бен отыз бестің бірін берсе!
Сүйсініп оқитұғын туған халқы,
Жеткене талант, ойдың шамашарқы,
Бірталай еңбек жазды, алды жарқын,
Ласы, кіршігі жоқ, таза арты, - деп көрнекті жазушымыз Сәбит Мұқанов өлеңге қосқандай Сапарғали жазушымыз сияқты шежіре  адамның өмірі қандай қызық болса, шығармашылығыда сондай қызық.

Ол - халқымыздың ғасырлар бойы ауызша тараған әңгіме-аңыздарын, айтыс-өлеңдерін, шешендік толғауларын жатқа білетін ескінің көзі, оның үстіне этнограф, әрі тарихшы.

Өмірі мен шығармашылығын тану үшін видо ролик көріп алайық.

Оқушылармен тест сұрақтарына жауап беру.

Күй «Көңілді толқын» Сейдазым Шынар

Жазылған шығармаларымен таныстыру. 

Енді балалар, С.Бегалиннің өлеңдеріне кезек берейік!

1-оқушы.
Туған жер
Сүйсіндім көріп мақтанып
Туған туым асқарым
Өр кеудеңмен бұл жарып,
Жастанған қазына тастарың
Мақтаны болып халықтың
Моторға қуат күш берген
Кен жастанған алып шың
Арқада көкке төс көрген.
Сарқыттай сақтап сан заман
Жеткіздің асыл ұрпаққа
Аспанда гулеп самсаған
Қанатты елің дер шақта.

2 – оқушы:
Еңсеңді көкке көтере
Кен есігін кең аштың
Байлықтың өрін төтелеп
Мақтасам қалай жарастың
Өсіп ең сенің өріңде
Қайнарыңнан нәр алып,
Алуан қилы өмірге
Ер жеттім сенде жаралып.

3 – оқушы:
Аттанған сенен ертерек
Түзден түлеп тоятты
Шыңына өнер ентелеп,
Арнағам саған жас шақты.
Жанды еңбегім талпынған
Орнымды таптым бойға шақ
Ырзалық таптым халқымнан
Халқымда шет мен де ша

4 – оқушы: Ана
Күйбеңдеп қоңыр үйінде
Жөргекті ұлан өсірдің
Талпынып ұлан күлгенде
Масайрап сенде есілдің
Ер жетті ұлан есейіп
Тыным көрмей күйбеңдеп
Қабылдың шапан, тері илеп
Он саусағың сүйреңдеп.

5 – оқушы:
Аттанды ұлан жорыққа
Азығын жолға сайладың
«Шаруаңды ойлап қамықпа»,
Дедің де белді байладың
Жолын күттің ұланның
Келеді қашан ұлым деп
Оралды аман шырағың
Алдынан шықтың күлімдеп.

Күй «Көш керуен» Мусабек Тамирлан

6 – оқушы:
Шырқал, шырқал жаным сүйген жақсы әндер
Жетті жазың, әнші далам, масайра,
Гулеген жел, асыр салған өзендер
Көкірегімді жатсың бәрің қашанда

7 – оқушы.
Қырда құлан, кісінеген тай, құнан
Асыр салып ауылда ойнар қозы-лақ
Қыр әншісі бозша торғай жырлашы
Балын жинап аралар да әнге  ап
Аңырмашы, әнсіз далам тұрмашы.

9-оқушы:
Кіп-кішкене бидай дәнін,
Балқытады баптап еңбек,
Қара түнек қастық зәрін-
Жауыздықты көшкен жерлеп

Сапарғали Бегалин - әдебиетіміздің поэзия, проза жанырларында тартымды, тасымды шығармалар берген көрнекті суреткерлер, көп жылдар шаршамай шапқан жүйрік.

Ұзақ творчестволық сапарда суреткер қаламынан жиырманың үстінде поэма, оннан астам повесть, жүздеген әңгіме, тоғыз пьеса, бір роман, көптеген естеліктер, зерттеулер мақалалар туды.

Жинақылық, әдептілік, қайырымдылық С. Бегалиннің балаларға арнаған тақпақ, жаңылтпаш, жұмбақ өлеңдеріне тән қасиеттер.

Ата мекені Дегелеңге барған бір сапарынан:

Көрістік аман, көңіл шат,
Аттанам бүгін айтып хош.
Көңілге түрлі ойлар сап,
Асықпа, ауылым мені тос.
Мен келермін сан рет.
Самалды желді төске ала
Аунармын талай саған кеп
Керім иық, келер дала – деп жырлап қайтқан ақынның лирикасындағы басты сарын, негізгі мотив – туған жерге деген ыстық махаббат, өмірге деген құштарлықты байқаймыз.

Сапарғали атамыз елуге жуық өлеңдер текстіне ән жазған. Халық ақындары Иса, Шашубай, Төлеу, Доскей шығармаларын сұрыптап бастырып, олардың тұңғыш өмірбаянын жазған. Сапарғали зерттеуші, оқымысты – фольклорист ретіндегі туындылары өз алдына бөлек әңгіме.

Жақсы балалар бүгінгі өткізген С. Бегалин жайлы «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты кешімізді аяқтаймыз.

Қарап көріңіз:

Сапарғали Бегалиннің туындылары

Сапарғали Бегалин​нің өлеңдері


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз