Түркістан облысы Жетісай ауданы Асықата кенті
№11 "Жеңіс" мектеп-гимназия КММ
Мектепалды даярлық сыныбының педагогі
Сәдуахас Рахиля Уалиханқызы
Білім беру ұйымының атауы |
№11 «Жеңіс» мектеп-гимназия КММ |
|||||
Білім беру саласы: |
Таным |
|||||
Білім беру бөлімі: |
Математика негіздері |
|||||
Педагогтің аты-жөні: |
Сәдуахас Рахиля Уалиханқызы |
|||||
Күні: 16.10.2024 |
16.10.2024 |
|||||
Сынып: |
0 «А» |
|
||||
Сабақтың тақырыбы: |
«Дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш» |
|||||
Сабақтың мақсаты |
Геометриялық фигуралардан модельдеу біліктілігін қалыптастыру, айналасындағы заттар арасынан геометриялық пішіндерді таба білуге үйрету. |
|||||
Құндылықтар |
Ұлттық мүдде, талап. |
|||||
Сабақтың барысы |
||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
Сабақ тың басы 5 минут
Сабақ тың ортасы 10 минут
Сергіту сәті 2 минут
Сабақты қорыту 8 минут
Кері байланыс 5 минут |
Психологиялық ахуал Амансыз ба, алтын күн! Амансыз ба, ашық аспан! Амансыз ба, Жер ана Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Сабағымызды бастайық, Жалқаулықты тастайық.
Миға шабуыл -Балалар, қазір бізде қай сабақ? -Математика. -Дұрыс айтасындар.
-Балалар олай болса мына жұмбақтың шешуін тауып көріндерші?
Жаңа тақырып Төрт бұрышы бар Төрт қабырғасы бар Бұл қандай пішін?
-Дұрыс айтасыңдар, төртбұрышқа және тіктөртбұрышқа қандай заттар ұқсайды? Кім біледі?
Үш бұрышы бар Үш қабырғасы бар?
Үшбұрышқа қандай заттар ұқсайды?
Допқа өзі ұқсайтын Ерекше бір пішін бар Кәне атын атаңдар?
Шеңберге қандай заттар ұқсайды?
Тақырыпты ашады. Түсіндіреді.
Топтық жұмыс Киіз үйдің ішін безендіріп, онда қандай заттар бар екенін және қандай пішіндерге ұқсайтынын айтады.
Топтастыр (пішіндерді сәйкестендіріп табу).
Сергіту сәті. Ал, балалар тұрайық Қолдан шеңбер құрайық Түзу болып тұрайық Бір-біріне қосқанда Үшбұрышты құрайық.
Жұптық тапсырма. «Пішіндерді орналастыру» Пішіндерді атайды.
Үстел үсті ойыны «Асық» ұлттық құндылық. Балалар текшені лақтыру арқылы қандай түс (асық) шығады сол асықты ашып астындағы ұлттық құндылықтар туралы және қандай пішінге жататынын әңгімелеп береді.
Кері байланыс -Балалар бүгін қандай пішіндермен таныстық?
-Жарайсыңдар балалар, мен сендерге сабаққа белсенді қатысқандарың үшін көңілді пішіндерді беремін. |
Шеңберге тұрып, бір-біріне жақсы көңіл күй жасайды.
Төртбұрыш
Теледидар, тақта, есік, терезе, парта
Үшбұрыш
Шатыр, тұмар
Шеңбер
Доп, қарбыз, шар
Балалар берілген тапсырмалары орындайды.
Балалар жаттығуды жасайды.
Пішіндерді орналастырады.
Жауап береді.
Балалар пішіндерді атап шығады.
Кері байланыс жасайды. |
Мақтап, мадақтап отыру
Сабаққа дайындық жасайды.
Балалар мұғаліммен жұмбақтың шешуін табады.
Жарайсың! Тамаша!
Жарайсың! Тамаша!
|
Суреттер
Асықпен бағалау
Суреттер
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Геометриялық пішіндер, түрлі пішіндерді пайдаланып түрлі бейнелерді құрастыруды;
Игереді: Шапшаңдықты, бірлесіп жұмыс жасауды;
Меңгереді: Пішіндерді түсі, көлемі бойынша анықтауды;
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі