Тақырып: Адалдық-адамдықтың белгісі Сабақ мақсаты: Оқушыларға адамдықтың белгісі негізінде ақиқат құндылығын ашу.
Міндеттері: 1. Шындықты жалғаннан ажырата білуге тәрбиелеу. 2. Жауапкершілікті түсіне білуді ұғындыру 3. Мәңгілікті уақытшадан ажырата білуге дағдыландыру. , дағдыны қалыптастыру. Сабақтың түрі: шығармашылық Сабақтың жабдықталуы:интерактивті тақта, оқулық, түрлі бояу қарындаштар, таратпа қағаздар. Сабақтың көрнекілігі:слайд, таратпа қағаздар. Сабақтың құрлымдық жоспары:
|
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) Интерактивті тақта, слайдтар, үлестірме қағаздар. |
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. Сәлеметсіңдерме балалар! Көңіл – күйлерің қалай? Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Адалдық –адамдықтың белгісі». Ал балалар, бүгінгі тәрбие сағатымызда талдап, қабылдайтынымыз адам бойындағы мінез-құлықтың жағымды және жағымсыз қасиеттері болмақ. Әрине, жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіріп, жаман қасиеттерден аулақ болуымыз қажет. Сонда біздің бәріміз ізетті, ибалы, мәдениетті, кішіпейіл, мейірімді тұлғалар болып өзеріміз анық. Бүгінгі тәрбие сағатымыз осы мәселеге арналады.
Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын Қ.Нақысбековтың «Білім мен өнерді сүй, сусында» атты өлең жолдарын оқып берсем: Білім мен өнерді сүй, сусында, Деп айтсын ел «Осындай ер тусын да!» Арың – адал, әділ болсаң әрқашан Дүниенің бар бақыты уысыңда... Түспегені абзал ғой арға дақтың, Күйін кешсе түнде ұшар жарғанаттың. Адал адам әрқашан еңсесі тік, Әділдікті ту еткін, қолқанатым.
|
Сабақ барысын талдау: Ұйымдастыру кезеңі арқылы оқушылармен танысу.Амандасу, оқушыларды түгендеу. |
Әңгімелесу сұрақтары
Конверттерде берілген сұрақтар:
Жаңа ақпарат: Адалдық- адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана сезімі мен ар- ұжданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық – этикалық жиынтығы. Ол туа пайда болмайды. Қоғамның дамуына сәйкес әрбір адамның өнегелі тәрбиесіне, оқып білім алуы мен адал еңбектену процесінде қалыптасады. Адалдық жеке тұлғалар мен адамдардың абырой- атағын арттыратын ізгі қасиет.
Сондықтан , ғұмыр бойы бақытты болғың келсе қандай адам болу керек екен?
Жағдаяттарды талдау. Ажар мен Алмагүл сабақтан келе жатыр еді. Ажар жарнамадан жаңа фильмнің басталғанын көріп: - Менің қалтамда апам “Самса алып жерсің” деп берген ақша бар. Кеттік, кино көрейік, - деді. Оқушылар жаттап келген өз өлеңдерін жатқа айтады. |
Жағдаят шешу арқылы сабақтың мазмұнын ашу және мақсатына жету.
|
Шығармашылық жұмыс «Адалдық» сөзінің әрбір әрпіне, сол әріптен басталатын адамның жақсы қасиеттерін жазыңдар А – ақылды Д – дарынды А – адал Л- намысшыл Д- досқа көмек қолын созатын Ы - момын Қ - қайратты
«Адалдықтыңаққұсы»
Мен сендерге көгершін таратамын. Осы көгершінге жан-жағымызда жүрген адал жандардың ізгі қасиеттері туралы жазамыз.
Нақыл сөздерді талдау |
Топпен жұмыс арқылы оқушылардың қабілеттерін шыңдау, белсенділігін ояту.
|
Қорытынды. Сонымен, балалар, біз бүгін адалдық пен әділдік деген адамның асыл, бағалы қасиеттері жайлы түсінік алдық.Ғұмыр бойы бақытты болғың келсе, адал бол, асыл қасиет те, асыл мінез де адал адамдарда болады. «Адал арың – ақ мамық жастығың», - дейді халқымыз. Адал адам дегеніміз – жалпының игілігіне өмір сүру, ортақ мүддеге бола жеке мүддені құрбан ету. Адалдық дегеніміз ашық, шынайы қарым-қатынас. Әрқашан ойындағы шындықты айтуға әзір тұр, сонда сұмырайлар да сенен аулақ қашады. Егер өзі алдамшы алаяқ болмаса, ешкім алаяқтармен таныс – біліс болуды сүймейді. Олардан аулақ жүреді. Адал адамды қудалауға болар, бірақ ардан ада етуге болмайды. Адал адам арын сақтай біледі, одан айырылмайды. Әр уақытта адал болыңдар.
АДАЛДЫҚ - адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана-сезімі мен ар-ұжданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық-этикалық жиынтығы. Қазақ пайымында адам бойында адалдық пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді қасиеттердің қалыптасқан нормаға сай болуы керек. |
Сабақты қортындылай отырып, аяқтау.
|
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі