Өлең, жыр, ақындар

Табиғатқа қамқорлық

Мектеп:  Атамекен орта мектебі «ММ» Мерзiм: 09.04.2015 ж._№ 27 сабақ

Тақырып:  Табиғатқа қамқорлық.

Құндылық:  «Табиғат», «Денсаулық»

Қасиеттер: «Табиғатқа қамқорлық» адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.

Мұғалім:  Қарабалаева Тілек. Нұрлыбекқызы    Сынып 4 «Ж»

 

Сабақ мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты:

Оқушылардың  «табиғат» құндылығы және  «қамқорлық» адами қасиеті туралы түсініктерін кеңейту.

  1. Дамытушылық мақсаты: 

Табиғатты сүйе білуге,оны қорғауға үйрету.

 

  1. Тәрбиелік мақсаты :       

Оқушылардың өз ойларын жеткізе білуіне ықпал жасау

   Сабақтың міндеттері:  

  • Табиғат пен адамның үйлесімділігі туралы түсініктерін қалыптастыру;
  • Денсаулығын күту іскерліктерін дамыту;
  • Табиғатты,халқын сүюге,денсаулығын сақтауға тәрбиелеу:

 

 

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңi.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

Көрнекіліктер:  АКТ слайд, А 4 қағаздар түрлі-түстіқаламдар стикерлер,смайликтер,суреттер.

 

 

 

 

 

1.     Үй тапсырмасын тексеру.(5 мин) 

Жақсылық туралы мақал-мәтелдер жазу.

 

2. Тыныштық сәті.Балалар ыңғайланып

Отырып,көздерімізді жұмып терең тыныс алайық.Міне,біз ой мен қиялға беріліп,табиғат сұлулығына тамсанып келе жатырмыз.Жап-жасыл табиғат әлеміне еніп барамыз. Біреуіміз қып-қызыл гүл секілді жайнап тұрмыз.Ал біреулеріміз, тұп-тұнық мөлдір су тәрізді тап-таза отырмыз.Енді біреуіміз көк аспанда еркін ұшып жүрген құстар сияқтымыз,ойымызды еркін айтып келеміз.Кенет жанымызға көбелек келіп бізді қанатына отырғызып ұшып барады.Алуан түсті гүлдер алқабына жақындағанда бізді қанатынан түсірді.Гүл алқабы жанында суы мөлдір өзен көз демалтады.Судың тазалығы соншалықты- су астында жүзіп жүрген жәндіктер,өсіп тұрған өсімдіктер,көздің жауын алып жатқан табиғи тастар.Одан әрі төбесі аспан тіреген таулар,жарқыраған күн.Әуелеп ұшып жүрген әсем құстар.Неткен әдемі табиғат десеңші! Табиғат сыйлаған таза ауа бойымызды сергітіп жіберді....Біз оған тамсана ұзақ қарадық.Кенет алып көбелек бізді қанатына отырғызып,мектебімізге қарай бет алды,міне мектептің алдына да келдік.Айналаға бір қарап,таза ауаны терең жұтып,есікті ашып сыныбымызға қайтып келдік. .Көбелек қоштасарда әрбіріміздің құлағымызға: Табиғат сендерге таза ауа,жұпар иіс,жақсы көңіл күй сыйлады. Табиғатты күтіп,баптаңдар,оған қамқорлық көрсетіңдер – деп сыбырлады.Әрбіріміз көбелекке табиғатты қорғаймыз,табиғатты аялаймыз деп уәде бердік.Ол әрбіріміздің көбелекпен арадығы сырымыз болсын.Оны ешкімге айтпайық.Сол қалпымызда көзімізді ашып бір-бірімізге күлімсірей қарайық.

 

 

 3. Әңгімелесу:

- Табиғатқа қамқорлық дегенде нені түсінесіңдер?

-Табиғатқа не үшін қамқорлық жасау қажет деп ойлайсыңдар?

-Сендер табиғатқа қандай қамқорлық жасап көрдіңдер?

 

4.Мәтінмен жұмыс:

Балалардың табиғатқа қамқорлық жасау түсініктерін кеңейту мақсатында оқулықтан «Атаның өнегесін» оқимын.

 

      5.   Дәйексөз.

«Көзіңді қалдыр – бұлақ көзін аша жүр, ізіңді қалдыр – жақсы істен мұра шаша жүр, өзіңді қалдыр- бақша өсіріп жаса нұр»

 

 

 6. Шығармашылық топтық жұмыс.

1 топ. Актерлер – Осы мәтіннен немересі мен атасының ата жұртына барған жерін сахналап шағын көрініс көрсетеді.

2 топ. Журналистер Бұл топ осы мәтіннен сұрақтар әзірлеп,басқа топ оқушыларынан сол сұрақтар бойынша жауаптар алады.

3 топ. Суретшілер. Бұл топ осы әңгіме мазмұнына сәйкес,атасы мен немересінің еккен ағаштарының бес жылдан кейінгі суретін салып,жария етеді.

4 топ. Сарапшылар. Бұл топ осы топтарға бағасын береді

.

 

7. Жаттығу ойлану.

1 топ. Келешекте бірнеше жылдар өткен соң, біздің ауданымыздың табиғатын қалай елестетер едің? Суретін салу.

2 топ.Табиғатты қорғау туралы маман болсаң не істер едің?

3 топЕгер табиғатқа тіл бітсе,онда олар адамдарға қандай өтініштер айтуы мүмкін? Өз ойларыңды жазыңдар.

4 топ.Берілген сөйлемдерді жалғастырып айту?

Жайнаған гүлдерді көргенде..........

Сынған бұтақтарды көргенде.......

Жарқыраған күнді көргенде...........

Толқыны тербеліп тұрған теңізді көргенде......

 

 

8. Топпен ән айту.  Ш. Қалдаяқовтың  «Анаға жыр» әнін айтамыз.

 

 

9. Қорытындылау:

Пайдаланынылған әдебиеттер:

 

 Өзін - өзі тану. Ж.Б.Қажығалиева.

 Мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал. 4   сынып

Журнал. «Самопознания»     2015 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткен сабақты пысықтау:Жақсылық жасау әрбір адамның қолынан келеді.Жақсылықты әрқашанда таза ниетпен,ақ көңілмен жасауымыз керек.Адам өзін және өзгелерді жақсы көру арқылы өмірін қуаныш пен шаттыққа, махаббатпен шаттыққа бөлейді.Жақсылық жасау,біздің өзгеге жасаған қамқорлығымыз.

 

Сабақ барысын талқылау:

Сәлеметсіңдерме балалар!Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Балалар көктемгі табиғат қандай тамаша! Ару көктемде құстар мекеніне оралып,жер қайта көктеп барлық тіршілік иелері мәз-мейрам Бүгін біз осы тамаша табиғат аясында,мынадай кең сыныпта сабағымызды бастаймыз. Ендеше тыныштық сәтімен сабағымызды бастайық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Жол үстіндегі тасты тазалау,бұлақ көзін ашу,бұлақтың жанына ағаш егу сияқты істер кей адамға қарапайым шаруа болып көрінуі мүмкін,бірақ бұл- нағыз игілікті іс.Өйткені мұндай істердің басқа адамдарға шарапаты,жақсылығы,пайдасы тиеді. Бұлақ суының көзін ашу арқылы өсімдіктерге су жіберіледі.Бұлақтан қаншама адамдар таза су ішеді.Ал отырғызылған ағаштар орманға айналып,оның көлеңкесімен,таза ауасымен бүкіл халық тыныс алады. Мына халық даналығындағы ой- осылай өмірдегі өзіңнен кейінгі ұрпағыңа да өшпейтін мұра қалдыр,қолдан көзін ашқан бұлағың,жақсы істерің- шырағың,еккен ағашың жасыл орманың- құнарың дегені.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Біз табиғат аясында дем алдық,көңіліміз көтерілді.Табиғатты аялап сақтауды,оған қамқорлық жасауды,таза ұстауды үйрендік.Табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені,алтын ұя бесігі,құт-берекесі.Адам үшін табиғат-ең қасиетті де қастерлі ұғым.Табиғат ! Осы бір сөз жүрекке жылы,көңілге қонымды естіледі.Табиғат сөзінде қаншама терең ой ,мағына,ұлағатты мол ұғым, тұжырымы кең ой жатыр деуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланынылған әдебиеттер:

Өзін - өзі тану. Ж.Б.Қажығалиева.

Мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал. 4 сынып

Журнал. «Самопознания»     2015 жыл


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз