Өлең, жыр, ақындар

«Озық жүйрік» атты 9-сыныптар арасында топтық жарыс сабағы

Мұғалімнің аты-жөні, тегі Айтбаева Мадина Жайлауқызы
Туған жылы, айы, күні 24.04.1981жыл
Бітірген оқу орны М. Әуезов атындағы ОҚМУ
Мамандығы Физика және информатика
Педагогикалық өтілі 10 жыл
Санаты І (бірінші санат)

«Озық жүйрік» атты 9-сыныптар арасында топтық жарыс сабағы
Сабақтың мақсаттары: 
а) білімділігі: оқушылардың І жарты жылдықта алған білімдерінің нәтижесін сынып аралық жарыстырып, озық жүйрікті анықтау, пәнге қызығушылығын арттыру, теориялық білімін практикада қолдана алуын меңгерту; 
ә) тәрбиелілігі: оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, өз бетінше ізденуге, адалдыққа, тазалыққа, бірін-бірі құрметтеуге, ұқыптылыққа, мейірбандыққа және инабаттылыққа тәрбиелеу; 
б) дамытушылығы: оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру мақсатында логикалық ой-өрісін кеңейтіп, іскерлік-дағдысын қалыптастырып дамыту. 
Сабақ түрі: жарыс сабақ, білімін жүйелеу және жинақтау
Сабақтың әдіс тәсілдері: анықтау, тексеру, әр кезеңді дұрыс пайдалану, өзін-өзі бағалау, рефлексия
Көрнекіліктері: интербелсенді тақта, электронды оқулықтар, ұлағатты сөздер, плакаттар, үлестірмелі кеспе қағаздары, суреттер, смайликтер, стикерлер, маркерлер.
Сабақ барысы: ұйымдастыру, оқушыларды смайликтер арқылы топқа бөлу, сабақ мақсаты мен жоспарын таныстыру.
Ұстаным: «Біле бер қанша білсең – тағы тіле,
Жетерсің мақсатыңа біле, біле» Жүсіп Баласағұн

Сабақ кезеңдері: 
І. Таныстыру (топтың аты, ұраны, эмблемасы) 6-мин 1-топ «Кинематика» тобы 9 «А» сынып оқушылары 2-топ «Механика» тобы 9 «Ә» сынып оқушылары 3-топ «Динамика» тобы 9 «Б» сынып оқушылары 

ІІ. «Кім жылдам?» (викториналық ауызша сұрақтар) 10-мин 
1. Қозғалыстыңқандай түрлері бар? (Қозғалыстың екі түрі бар ілгерілемелі және айналмалы) 
2. Үдеу қандай шама, оны қалай табады? (Үдеу-жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын шама, ол жылдамдық өзгерісінің осы өзгеріс болған уақыт аралығына қатынасын береді, яғни a=∆υ/∆t) 
3. Ньютонның бірінші заңы қалай аталады? (Инерциялық санақ жүйесі деп аталады) 
4. Ньютонның екінші заңы қалай тұжырымдалады? (Дененің алатын үдеуі әсер ететін күшке тура пропорционал, массасына кері пропоционал) 
5. Ньютонның үшінші заңының тұжырымдамасы қандай? (Әрекет етуші күшке әрқашан тең күш бар және бағыттары қарама-қарсы) 
6. Бүкіләлемдік тартылысзаңының тұжырымдамасы қандай? (Екі дене массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал, ал арақашықтығының квадратына кері пропорционал күшпен тартылады) 
7. Жасанды серіктер неліктен ұшырылады? (Ауа райын болжау, радио, теледидар және ұялы сымтетіктер байланысы, интернет желісі, Жердің табиғи қорларын зерттеу және астрономиялық бақылау мен Жер төңірегі кеңістігіндегі ғылыми зерттеулер үшін) 
8. Салыстырмалы қозғалыс қандай болады? (орын ауыстыру, қозғалыс жылдамдығы. Траектория әртүрлі координаталар жүйесіне қатысты түрліше болады) 
9. Тыныштықтың салыстырмалылығы қандай болады? (абсолют тыныштықта болатын денелер болмайды: бір координаталар жүйесіне қатысты тыныштықта тұрған дене басқа бір жүйелерге қатысты қозғалыста болады. Материя тек қозғалыста ғана өмір сүреді) Әр сұрақтың дұрыс жауабына, шапшаңдығына қарай 5 балы қойылады 

ІІІ. Формулалар әлемі Интербелсенді тақтадан 3 суретті кеме, ұшақ, ракетаны таңдайды. Кемеде кинематика теңдеулері, ұшақта динамика формулалары, ракетада сақталу заңдары келген. Осы бойынша (топтың әрбір оқушылары бір параққа қайталамай, формулаларды өлшем бірліктерімен жазады) 3-мин Дұрыс жазғанына және санына қарай 5 балы қойылады. 

IV. «Есепке кім озық?» Интертақтадан 500теңге, 1000теңге, 2000теңге көрсетілген, яғни 500теңгелікте «А-деңгейі» есебі, 1000теңгеде «В-деңгейі», 2000теңгеде «С-деңгей» есептері бар.

А деңгей есебі (Физика)

В деңгей есебі

С деңгей есебі

V. «Постер жасау және қорғау» Топ аттарын плакатқа жасап, оны қорғайды, яғни І жарты жылдықта өткен тақырыптар түгелімен қамтылуы тиіс. 15-мин


Пікірлер (4)

Мадина

Білім ал сайты жаңа сайт болса да, қажетті материал табылады екен. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін. Қазақстан Республикасының барлық ұстаздарына тек қана алға! Шаршамаңыздар, талмаңыздар, Аман болыңыздар!!!

Мадина

Физиктер тек қана алға! Талмайық, еңбектенейік, ҚР елімізге игі істер қалдырайық. Білім ал сайтына мың алғыс!!!

Улмика

Мумкин болса ұрандарынызды жазыныздарш

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз