Өлеңдер Бөлімі

С. Мұқановтың «Ботагөз» романы

Сабақтың  тақырыбы:  С.Мұқановтың  «Ботагөз»  романы 

Мақсаты: а) білімділік -  романның  тақырыбы  мен  жазушының ой түйіні

ә) дамытушылық - өз  ойын,  ерлік  жеткізе  білу,  өмірмен байланыстыру; шығармашылыққа  баулу; ойлау шеберлігін ,сөйлеу  мәдениетін  дамыту;

б) тәрбиелік – Отанды, туған  елді  сүюге  тәрбиелу, оқушыларды  адами  қасиеттерге баулу,  әйел  адамды құрметтеу  сезімін  жетілдіруге  тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  портрет, сызбалы  кестелер,  үлестірмелі  қағаздао,шығармалар  жинағы, тірек  кестесі, слайд.

Сабақтың  түрі:  дәстүрлі  емес  сабақ.

Сабақтың  әдісі: мәнерлеп  оқу,  зерттей  оқу,  сұрақ  - жауап;

Сабақтың  барысы:

                                 І. Ұйымдастыру  кезеңі.

                                 ІІ. Үй  тапсырмасын  тексеру.

                                 а)  сұрақтар:

                                   1. С. Мұқановтың  ең  басты  шығармалары.

                                   2. Қандай  поэзиялық  шығармалары бар ?

                                   3. Кедейлер  өмірін  суреттейтін поэмалары.

                                   4. Бай  мен  кедейдің  арақатынасын  көрсететін 

                                       поэмалары.

                                   5. « Сұлушаш »  поэмасының ерекшелігі.

                        

                                  б) топтық  жұмыс:

                                     1. Кейіпкерлерді іс - әрекетіне байланысты  топтастыру. 

 

 

Венн   диаграммасы  бойынша  салыстырмалы  мінездеме.

  1. М. Дулатов  « Бақытсыз  Жамал »
  2. С. Мұқанов  « Сұлушаш »
  3. С. Торайғыров « Қамар  сұлу »

Ұқсастықтары: 

1. үшеуі  де  15 – 16 дағы  жас  қыздар

2. үшеуі  де  көрікті

. қара  түнек заманның  құрбаны

 

ІІІ.Жаңа  сабақ.

Эпиграф:

«Телегей   - теңіз  тарих  бар

Ботакөздің  сөзінде

күн  көзіндей  жарық бар

Ботакөздің  көзінде»

«Адамның  негізі  әйел»

І.  Прозалық  шығармалары.

Қазақ  әдебиетінің  проза  жанрын  өркендетуде  С. Мұқанов – үздік  еңбек  еткен  жазушы.

Қазақ  прозасының  үлгілерін  бұрынырақ  С. Көбеев,  С. Торайғыров, М. Дулатов, Ж. Аймауытов  көрсетсе,  оларға іле – шала  Б. Майлин, С. Сейфуллин, М. Әуезов алғашқы  әңгімелерімен  ілгері  дамытты.  30 – жылдардан бастап прозалық  шығармалар  көбейді. Әңгіме, очерктермен  қатар  хикаят  туа  бастады. С. Мұқанов  -  осы  кезеңде  көптеген прозалық  туындылар  беріп,  бұл  жанрды  көш  ілгері  өсірген  жазушы. Оның « Теміртас », « Есіл »  романдар  осы  түһұста  жарық  көрді., « Менің  мектептерім », « Өмір мектебі »  атты  өмірбаяндық  романдар  тізбегі  де  осы  кезеңде басталып, соңғы « Есею  жылдары »  атты  кітабы  1964  жылы  басылып  шықты.

С. Мұқановтың  алғашқы  прозасы  « Адасқандардан »  басталады ( 1928).

Кейінгі  жылдарда  очерк,  әңгіме,  хикаят, романдарды  С. Мұқанов  көп  жазды. « Алтын  аймақ », « Каспийге  саяхат »  сияқты  ірі – ірі очерктер  жинағы  шықты. « Балуан  Шолақ »  ( 1944 )  хикаятын, « Сырдария » ( 1949 )  романын  жазды.

Әрине,  осынша  жақсы,  көркем  жазылған  роман, хикаяттардың  ішінде  ең  жоғары  баға  алып,  кезінде  халықтың  төл  шығармасындай  болып  кеткен « Ботакөз »  романын  ерекше  атап  айту  қажет.

        

ІІ. « Ботакөз »  романы    бойынша  сұрақтармен  жұмыс.

 

           а)  1. роман  тақырыбы

               2. композициялық  құрылысы

               3. Бейнелер – Ботакөз

                                       Асқар

                                       Амантай

                                       Итбай  мен Кулаков

Топтық  тапсырма:

І - Әдебиетшілер

ІІ – Тарихшылар

ІІІ – Тілшілер

Әр  топқа  проблемалық  сипаттағы  сұрақтар, тапсырмалар  беріледі.

Әдебиетшілерге:

  1. Шығармадағы  басты  кейіпкер
  2. Асқар  бейнесі  арқылы  жазушы  қазқтың  дарқан  даласынан  шыққан  оқыған,  әділ  азаматты  көрсеткен. Шығармадан  тауып  оқыңыз.
  3. Кедей,  шаруа  адамы  қалай  суретелген? Ол кім ?
  4. Кертартпа  феодалдық  құрылыстың  өкілі .
  5. « Мен  енді – апан  түбіндегі  қасқыр ! » , - деген  сөздерді  автор  кімге  айтқызды ?
  6. Шығармадағы  қазақ  қызының  бейнесі.

 Тарихшыларға:

  1. Шығарма  оқиғасына  қандай  тарихи  кезең арқау  болған ?
  2. Шығарма  мен  тарихи  шындық  арасында  үйлесімділік  бар ма ?

Тілшілерге:

  1. Жазушының сөз  зергерлік  құдіреті,  тілінің  көркемдік  сипатын танытатын  штрихтарға,  үзінділерге  талдау.« Түйінді  сөздер »  стратегиясы.

Сабағымыздың  негізгі  түйіні  болған  сөздерді  табу.

Басты  кейіпкерге  қатысты  сөздерді  жүйелеу.

 

ІV. Қорыту. «Бүгінгі  қазақ әйелі  кім, қандай ?»

                    Қазіргі  қазақ  әйелінің  моделін  жасау.

 

 

 

V. Үйге  тапсырма.

 

 

Ойтолғау « Мен  қазақ  қыздарына  қайран  қалам ».

Бағалау.      

 

 

 


Қарап көріңіз

Пікірлер (3)

Диана

Басты кейіпкерлері керек еді

Еркеш

Бас кейіпкерлері керек еді

Арман

Кертартпа феодалдық құрылыстың өкілі . Осы сұрақтын жауабын таба алмай отырм

Пікір қалдырыңыз

×