Өлең, жыр, ақындар

Оттек топшасын қайталау

Сарқан аудандық білім бөлімі

«Мұқан Төлебаев атындағы орта мектебі

мектепке дейінгі шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Химия пәнінің мұғалімі: Ойшынова Замира Күздеубекқызы

Тақырыбы: Оттек топшасын қайталау.

Оттек топшасын қайталауға байланысты сабақ өткізілді. Оттек топшасы бойынша алған білімдерін жинақтау, жүйелеу, қорытындылау, осы бөлімдерін тұрмыста,күнделікті қажетке қолдануға бағытталды.

Графопроектор, жұмбақ сурет, тірек – конспектісі т.б. көрнекіліктер пайдаланылды. Биология, физика, география пәндерімен және медицина ғылымымен байланысты өтті.

Сабақ «Жазу мен оқу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының топтастыру, кубизм, венндиаграммасы бағыттары бойынша өткізілді.

І. 1- топқа оттектің периоттық жүйедегі орны, атом құрылысы, электрондық энергетикалық деңгейде орналасуы.

2- топқа топқа күкірттің периоттық жүйедегі орны, атом құрылысы, электрондық энергетикалық деңгейде орналасуы.

ІІ. 1- топқа 7,8,91,0 мәтіндерімен толық танысып, топтастыру.

2 - топқа  11,12,13 мәтіндерімен толық танысып, топтастыру.

 ІІІ. Жазбаша жұмыстар

1. Н24 +Cu → CuSO4 + SO2 + H2O реакция теңдеуін теңестіріп, элементтердің тотыңу дәрежесін көрсетіңіз.

2. Күкірт қышқылы мен тұздарына сапалық реакция

ІҮ. Сан есептері

1. Реакцияға 4,6 г алюминний жұмсалғанда 0,3 массалық үлесі бар күкірт қышқылы ертіндісінің массасы қандай?

Ү. «Кубизм» стратегиясын жеке оқушылармен жұмыс жүргізуде пайдаландым.

ҮІ. Берілген мәтіннен зат есім, сан есім, сын есім, етістік, синонимдерді табу. «Бес жол» өлең стратегиясы

1. Оттек2 түссіз, иіссіз газ, жанады, жануды қолдайды, тотығады. Оттек – ауа, тіршілік, оксид, екі валентті, жай зат атом. O2молекула, бейметалл,т.б

2. Күкірт -  сары ұнтақ, кристалл, валенттілігі +II, -II, +IY, +YI жанады, балқиды, зиянды, элемент, жай зат,  бейметалл,, сульфид, газ, шырпы, дәрі.

ҮІІ. Жалпы тарау бойынша алған білімін қорытындылап, оқушылар өз білімдерін Вен диаграммасы арқылы көрсетеді.

ҮІІІ. «Жұмбақ сурет» бойынша оқушылар жауап береді.

ІХ. «Оттек топшасы» бойынша тақырыптарды оқып, өз беттерімен тірек – конспектілерін жазып келу тапсырылды.

Оқушыларды өзара жарыстыра отырып, ойларын жинақтай білуге үйретілді, анықтамалармен тәжірибелерді есте сақтау қабілеттері жетілдірілді. Бірлесіп жұмыс жасау, экологиялық, халықтық тәрбие беру және пәнге деген қызығушылығын арттырылды.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз