Қазақ тілі |
Уақыты: |
Кабинет: |
Мұғалім:Нуржигитова Гульбакыт Отыншиновна |
||||||||||
Сабақтың атауы |
Сөйлем және сөз |
||||||||||||
Сілтеме |
Қазақ тілі оқулығының әдістемесі |
||||||||||||
Сабақтың жабдығы |
Кесте, үлестірмелі қима қағаздар, суреттер. |
||||||||||||
Жалпы мақсаттар |
1.Сөйлемнің сөздерден, сөздің дыбыстардан құралатынын, дыбыс әріппен таңбаланатынын оқушылардың есіне түсіру. 2. Сөз белгілі бір заттың,құбылыстың,сын-сапаның,т.б. атауы екенін ұғындыру, сөздің өзіне тән мағанасы болатынын байқату. 3. Оқушылардың сөздерді дұрыс қолдана білу қабілетін дамыту, сөздерден сөйлем құрау дағдысын жетілдіру. |
||||||||||||
Оқыту нәтижесі |
|||||||||||||
Топқа бөлу |
Оқушыларға қызыл,жасыл,сары түсті қағаздар үлестіріледі. Қағаздың түсіне сай 3 топқа бөлініп отырады. |
||||||||||||
Ынтымақтастық атмосферасы |
Ұзын құлақ сұр қоян, Естіп қалып сыбдырды, Ойлы-қырлы жерлерден, Ытқып-ытқып жүгірді. |
Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады |
|||||||||||
Үй тапсырмасын сұрау
|
Үй жұмысы дәптерлерін тексеру |
||||||||||||
Қызығушылықты ояту |
Әлемдегі бар дүние түрлі нәрселерден құралады.Мысалы: бұлттар-су тамшыларынан, орман- ағаштардан тұрады.Біздің сөйлеу тіліміз- сөйлемдерден, ал сөйлем неден құралады? Мұғалім, ең алдымен, оқушылардың сөз туралы не білетіндерін тексеріп,бұрын айтылған ұғымдарды еске түсіреді. -Қазір мен сендерге бір қызық өлең оқып берейін, тыңдаңдар, сонда ғана бұл сұраққа жауап бере аламыз. Теңіз де тартылады, Жер болып тау шөгеді, Мұхит да сарқылады. Жайқалған бау семеді. Құлайды орман- тоғай, Көз жастан қақ қалады... Қирайды орда- сарай. Сонда не сақталады? Мәңгілік ...(сөз) қалады.
Мәңгілік өлмейтін тек сөз екен. Оқушылардың бұл білім, дағдылары төмендегі кестені талдау барысында жинақталып, кеңейтіле түседі.
|
||||||||||||
Мағынаны тану Мәтінді тізбектеп оқу |
Тапсырмалар орындау Карточкамен жұмыс Сабақта пайдаланылатын үлестірмелі қима қағаздардың үлгілері: Көп нүктенің орнына төменде берілген сөздердің тиістісін қойып, өлеңді көшіріп жаз.
Төмендегі сөйлемдердің тиісті жеріне жақша ішіндегі сөзді қойып, төрт сөзден тұратын сөйлем құрап жаз.
|
||||||||||||
Сергіту сәті |
Таулы аймаққа саяхат |
||||||||||||
Ой толғаныс |
Төмендегі кесте арқылы сұрақ- жауап әдісімен ережені оқушылардың өздеріне қорытындылатады: заттың Сөз- сапаның атауы. қимылдың |
||||||||||||
Шығармашылық тапсырма |
Шығармашылық тапсырма: Әр қалыпты жазу |
||||||||||||
Үй тапсырмасы |
Оқулықтағы тапсырманың қалғанын үй жұмысы ретінде беру |
Күнделіктеріне жазады |
|||||||||||
Бағалау Кері байланыс |
Смайликтер арқылы Рефлексия Не білдік? Не істедік? |
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі