Өлең, жыр, ақындар

Синонимдер

Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Шаған жалпы орта білім беретін мектебі
Пән мұғалімі: Ханов Ш.У

Күні:

19.10.2015

Сыныбы: 5 «а», «ә»

Тақырыбы: Синонимдер

Мақсаты:

Оқушылардың синонимдер туралы лингвистикалық  білімдерін кеңейту.

Күтілетін нәтиже

1. Синонимдер туралы білім алады.

2. Сөздердің сипатына қарай өмірде қолданады.

3. Ерекшеліктерін айта алады.

Керекті жабдықтар

Проектор,ресурстар,түрлі түсті стикерлер.

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі.

«Сергіту сәті»

Мұғалім оқушылармен амандасады.

           Ерте,ерте, ертеде Лексика деген ауыл болыпты. Сол ауылда Синоним деген бай болыпты. Оның балалары өте көп болыпты.Бай отбасымен өте тату-тәтті өмір сүріпті.Олардың татулығы сондай,тіпті,балаларының барлығы бірігіп бір үйде тұрыпты.Бай баларының аттарын Күшті,Мықты,Қайратты,Қажырлы,Әлді Қарулы, Сұлу,Әдемі,Әсем, Көркем деп атапты.Бұл сөздердің мағынасы бір-біріне ұқсас екен,бәлкім,олар сол себепті тату шығар.Олай болса сергіту сәтін «Тату сөздер»деп атап, біз де бір үйде тұратын тату сөздерге айналайық.

«Шаттық шеңбері арқылы оқушылар  бір-біріне мінездері ,түр сипаты,мықтылығы жайлы синоним сөздер айтады.

Шеңбер құрып  синоним сөздер айтады.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Доп лақтыру әдісі

69-жаттығу. Омонимдерге мысалдар жазу.

«Доп лақтыру» әдісі арқылы оқушылар бір –біріне сұрақтар қояды. 

 

Үш топ бір-біріне өздері сұрақтар қою арқылы өз білімдерін тексереді.

ІІІ.Жаңа тақырып.

ІІІ топқа екі суреттен беріледі. .Сол суреттерге қарап отырып синонимдерін табады.

 

 

 

 

 

 

Бұл кім?

Ұстаз, мұғалім, оқытушы

 

Сәби,нәресте, шақалақ, бөпе

Тамақ, ас, тағам, дәм

Қуану, шаттану, мәз болу

Өкіну, опық жеу, бармағын тістеу

 

Оқушылар өздеріне берілген суреттер арқылы синонимдерін айту. 

Топтық тапсырма.

 

І топ: Зат есім

ІІ топ: Сын есім

ІІІ топ: Етістік және үстеу 

Ас, өң сөздерінің синонимін тауып сөйлем құрау.

Салмақты, әдемі сөздерінің синонимін тауып сөйлем құрау.

Амандасу, тез сөздерінің синонимін тауып сөйлем құрау.

Ас,тамақ,дәм, тағам,ауқат

Өң,түр,түс,келбет,пішін,ажар, көрік,кескін,рең, дидар,,шырай

Салмақты сабырлы, байыпты, ұстамды.

Әдемі , көрікті,сұлу, керім,көркем,шырайлы.

Амандасу, сәлемдесу, есендесу,қал жағдай сұрау,

Тез,жылдам, шыпшаң,лезде,

Қонақтарға  арналған  ас  өте   дәмді  болдды.

Асанға қарасам көркіне көз тоймайды.

Асанның мінезі салмақты.

Айжан өте әдемі қыз.

Оқушылар апаймен сәлемдесті.

Асан үйіне лезде барып келді.

 

Оқушылар синонимдерін тауып сөйлемдер құрастырады,қай топ бірінші болса сөйлемдерді оқып сұрағын ,сөз таптарын айтып синонимдерді түсіндіреді.

 

 

Оқулықпен  жұмыс

І топ:70 - жаттығу. Қазақ тілінің синонимдер сөздігін пайдаланып, әр синонимдер сыңарларын бір вагон деп есептеп, синоним қатарларынан пойыз жасаңдар. Содан кейін сол пойызда неше вагон болғанын айтыңдар.
Бағалы...   Құнды ...Қымбат ...Семіру...Жуандау... Майлану...Тойыну ...қоңдану... Халық ... Жұрт... Көпшілік...

 

ІІ топ: 71- жаттығу. Ғажап, шақ, қараулық, уәде, айла, жан  сөздерінің синонимін табу.

Ғажап
Шақ

Қараулық
Уәде
Айла

Жан

ғажайып, керемет, керім, таңғажайып;

кезінде, уақытында;
әділетсіздік;

уағда, серт, ант;

амал, тәсіл;
адам, кісі, пенде.

 

ІІІ топ: 72- жаттығу. (ауызша) Түсініп оқып,мәтіннен синоним сөздерді табу.  «Жеті атасын білмеген- жетесіз» деген сөздің мағынасын  мәтінге сүйене отырып  түсіндіру.

73-жаттығу. Көшіріп жазып, мәтіннен синоним сөздерді табу.

Үлгі: Алла,тәңір,құдай, жаратқан ие,жаратушы ие,  .адам,жан,пенде,кісі,  т.б.

 

 

 

 

 

Оқушылар жаттығуларды орныдап ,болған соң оқып түсіндіреді.

Жинақтау.

«Топтастыру» әдісі арқылы

 

Оқушылар синоним сөздердің ерекшеліктерін айтып ,жинақтайды.

Үйге  тапсырма:

1 Синоним  туралы  түсінік

2.Ар – намыс  туралы  білетін қанатты  сөздерді,  мақал   мәтелдерді жазу

 

Рефлекция

Әр топ өдерінің қаншалықты деңгейде білген білімін айтып «Нысалы бағалауға» бағалайды.

Оқушылар білім деңгейін анықтап стикерлерді қыстырады.

Көшбасшыны анықтау.

 

Сыныпта ең жақсы сабаққа қатысып отырған оқушыны анықтайды.

 


Пікірлер (2)

Малика

Сүйеніп тікелей деген сөздерге синоним керек!!!!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз