Өлең, жыр, ақындар

Антонимдер (5 сынып)

Батыс Қазақстан облысы
Теректі  ауданы
Шаған жалпы орта білім беретін мектебі
Пән  мұғалімі: Ханов Ш.У

Сыныбы: 5 «а», «ә»
Тақырыбы: Антонимдер
Мақсаты: Антоним сөздер туралы мағлұмат беру,  омоним, синоним сөздермен салыстыра білуге үйрену.
Күтілетін нәтиже    

1. Антонимдер туралы білім алады.
2. Антоним сөздерді омоним, синоним сөздермен салытрады.
3. Сөздердің сипатына қарай өмірде қолданады.
Керекті жабдықтар: Проектор, ресурстар, түрлі түсті стикерлер.
Сабақ кезеңдері    Мұғалім әрекеті    Оқушы әрекеті 

Пән: қазақ тілі

Күні: 29.10. 2015ж.

Сыныбы:

5 «а» , «ә»

Тақырыбы:

Антонимдер

Мақсаты:

Антоним сөздер туралы мағлұмат беру,  омоним, синоним сөздермен салыстыра білуге үйрену.

Күтілетін нәтиже

1.  Антонимдер туралы білім алады.

2.  Антоним сөздерді омоним, синоним сөздермен салытрады.

3.  Сөздердің сипатына қарай өмірде қолданады.

Керекті жабдықтар

Проектор,ресурстар,түрлі түсті стикерлер.

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі.

 

Оқушылармен амандасу.

Сергіту сәті.

«Шаттық шеңбері» трининг өткізу. Трининг арқылы оқушылар өздеріне, бүгінгі сабақтың жақсы өтуіне бір-біріне тілек білдіреді.

 

Оқушыларды  топқа бөлу.

Оқушыларды ІІІ топқа бөліп отырғызамын

Мұғаліммен амандасады.

«Шаттық шеңбері»

 

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

«Ыстық орындық» әдісі арқылы.

 

83-жаттығу. Көп нүктенің орнына бір-бірімен синоним болатын сөздерді қойып жазу.

ІІІ топтан кезек-кезек үш оқушы шығып сұрақтарға жауап береді.

  1. Лексика дегеніміз не?
  2. Сөздердің тура және ауыспалы мағынасы дегеніміз не? мысал келтір
  3. Көп мағыналы сөздер дегеніміз не? мысалдар келтір
  4. Омонимдердің анықтамасын айт. Мысал келтір
  5. Синоним дегеніміз не?Мысалы.
  6. Сіздер күнделікті өмірде омоним және синоним болатын сөздерді қаншалықты жиі қолданасыздар?
  7. Синонимдер қандай белгілеріне қарай топтастырылады?

Бағалау "Қолпаштау"

Әр топ өздеріне берілген сұрақтарға жауап береді.

Әр топ мүшелері көршілес топтың жауаптарын тыңдай отыра, оларға қол соғып құрмет көрсетеді.

 

 

ІІІ. Жаңа тақырып

 

Сабақтың мақсатымен таныстыру

    Жаңа тақырыпқа жазылған мысалды оқытып, өздеріне ереже шығарту, мақал-мәтелдер арқылы білімін кеңейту, антоним сөзі қай тілден шыққанын, жасалу жолдарын таныстыру.

-Балалар, антоним грек тілінде anti –қарсы, onota - атау дегенді білдіреді. Ендеше сіздер мысалдарға сүйене отырып қандай қорытындыға келдіңдер?

-Балалар, антоним мен жұрнақ арқылы жасалатын болымды, болымсыздық мағыналар бірдей емес. Оларды былайша салыстырып көруге болады.

Тақтаға жазылған мақал-мәтелдерді оқып, антонимдер мен болымды, болымсыздық мәндегі сөздерді табамыз.

 

Оқушыларға мақалдарды бөліп беремін ,өздері осы қағаздағы мақалдардан қарама-қарсы мағынадағы сөздерді анықтап айтады. ІІІ топқа бөліп беру.

Мақалдар. (кеспе қағазда)

Болымды – болымсыз:

1.Жіптің ұзыны, сөздің қысқасы жақсы.

2.Дұшпан күлдіріп айтады,

Дос жылатып айтады.

3.Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

4.Ашу дұшпан ,ақыл дос ,ақылыңа ақыл қос

5.Ақылдан жақын дос жоқ,

Ашудан жаман қас жоқ.

6.Дұшпанға тастай қатты бол,
Досыңа балдай тәтті бол.
7.Дұшпан күлдіріп айтады,
Дос жылатып айтады. 
8.Жаман сөз – жанға кірген тікен,
Жақсы сөз – таусылмайтын кен.

9.Күшті мен алысқан әлсіз өз қолын сындырады.

10. .Жаман сөз жылатады,

Жақсы сөз жұбатады.

11. Білімді – алтын көзі ашылатын,

Надан жан – қара бақыр шашылатын.

12. Көп сөз — күміс.  Аз сөз-алтын.

1.Мал сақтама, ар сақта.
2.Малыңа сүйенбе, арыңа сүйен.
3.Атаңның баласы болма,
Адамның баласы бол. 
4.Жүйелі сөз жүйесін табар, 
Жүйесіз сөз иесін табар. 
5.Ердің өзіне қарама, сөзіне қар

6.Білімді білімсіздің мыңын жеңер.

7.Піл күшті,

Піл күшті емес, тіл күшті.

8.Көп сөйлеген қалайда жақсы емес.

 

Сабақтың тақырыбын дәптерлеріне жазып алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздерді антонимдер деп атаймыз.

 

 

 

 

Оқушылар мысалдарды оқып, антонимдердің ерекшеліктерін айқындайды.

Негізгі бөлім

Топтық  тапсырма

 

 

 

 

 

 

 

Оқулықпен жұмыс.

 

 

 

Сын есім

Етістік

Зат есім

І топ:

ІІ  топ:

ІІІ топ:

ауыр-жеңіл,

кең-тар,

ыстық-суық,

жас-кәрі

артық-кем,

аш-тоқ,

арық-семіз,

оңай-қиын

жақсы-жаман,нашар.

 кіші – үлкен

озу-қалу,

кету-келу,

қону-ұшу,

шашу-жинау,

ашу-жабу,

кіру-шығу,

күлу-жылау,

сату-алу

қуану-өкіну.

өтірік-шын,

обал-сауап,

алғыс-қарғыс,

рахат-бейнет,

бақ-сор,

өмір-өлім,

пайда-зиян,

жаз-қыс,

күн-түн

қол – аяқ

 

Әр топқа оқулықтан жаттығу жұмысы жазбаша орындауға беріледі.

1- топ   87-жаттығу, 41-бет

2-топ     88-жаттығу, 41-бет

3-топ   89-жаттығу, 42-бет

 

Топқа берілген тапсырманы барлығы бірлесе отырып, шешіп, пікірлерін ортаға салады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаттығу жұмыстарын топ болып орындайды.

Қорытынды.

 

Ойды жинақтау мақсатында оқушыларға антонимдердің негізгі белгілерін анықтау тапсырылады.

Антонимдер

 

ойды бейнелі түрде жеткізеді

 

болымды- болымсыздық мағыналары бар

 

мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздер

 

мақал-мәтелдерде, жұмбақтарда жарыса қолданылады.

 

әр сөз табынан болады

 

Антонимді қасиетеріне қарай топтастырып шығады.

Бағалау.

Әр топ бір –біріне өздерінің сабаққа қалай қатысқандығын айтып баға береді.

 

Үйге тапсырма

90 –жаттығу.

 

Үздік көшбасшыны анықтау.

Сыныпта ең жақсы қатысып отырған оқушыны анықтау тапсырылады.

 


Пікірлер (5)

Brou.kz

бағалының антонимі мен синонимін тауып беріңіші

Әрекет

Заң

ЕСЕН Абылай хан

1234567а

ЕСЕН Абылай хан

ұқсайды

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз