Күні: 13.10.15
Сабақ : қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың жалаң және жайылма сөйлем туралы білімдерін толықтыруға мүмкіндік туғызу
Дамытушылық: Оқушылардың оз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелік: Шапшаң ойлауға, әдемі сөйлеуге, тапқырлыққа, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: сөйлем түрлерін ажырата біледі, берілген тапсырмаларға өз ойын негіздейді,ақпаратты есте сақтап, талдайды, өз ойын тұжырымдайды, өзін және өзгені бағалайды
Сабақтың түрі: интерактивті сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: жұппен жұмыс, топпен жұмыс, «Сұрақ конверт»
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Әр түсті гүлдер арқылы 4 топқа бөлу (топ басшысын сайлау)
- Балалар енді сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен «Мен жақсы адаммын,мен әйбатпын» деп бірнеше рет қайталаңдар. Адам күлкісі әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі.Енді бір –біріңе қарап жымиыңдар,бір-біріңе күлкі сыйлаңдар.Рахмет
- Жаттығу ұнады ма? Қандай әсер алдыңдар?
2. Үй тапсырмасын тексеру
Ойын , Кім келіспейді?»
Ойын шарты: Сөйлем мүшесіне жаттығудағы 4 сөйлемді 4 топ талдайды.
Бір топ талдағанда қалған топтар жауаптарына келісетінін, келіспейтіндерін бас бармақтары арқылы білдіреді.
1 топ: Көкек өз атын өзі шақырады.
2 топ: Ол таңертең Баянауылға соқты.
3 топ: Атам қамшы өрді.
4 топ: Лезде су сарқылды.
3. Өткенді қайталау (Суретпен жұмыс)
-Балалар қазір қандай мезгіл ?
-Күз мезгілі сендерге ұнай ма?
-Неліктен,несімен ұнайды?
- Бірінші қыркүйек Білім күні.Біз мектепке келеміз.Күздің бізге деген сыйы мол. Қамбамыз дәнге, айналадығы дүние сәнге енеді.жер дүние сары алтындай жарқырап кетеді.
-Осы алтын күз мерекесіне бізге қонаққа жылда кім келуші еді?
- Ендеше балалар күз аруы сендерге хат жіберіпті. Бірнеше сауалдары бар екен. Күз аруының сұрақтарына жақсы жауап берсек мерекеге мол жеміс-жидектерімен келеді.
(конвертті әр топ жеке-жеке өткізеді.)
-Балалар байқадыңдарма күз аруының бизге жиберген хаты ашық аспан түстес екен.Міне ендеше аспанымыз әрқашан ашық болсын деп тілеп тапсырманы орындайық.
«Сұрақ конверт» топтық жұмыс
1 топ: .Сөйлем мүшелері дегеніміз не? Сөйлем мүшелері неше түрге бөлінеді?
-Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді сөйлем мүшелері дейміз. Сөйлем мүшелері атқаратын қызметіне қарай тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер болып екіге бөлінеді.
2 топ:.Тұрлаулы ,тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?
Бастауыш пен баяндауышты сөйлемнің. тұрлаулы.. мүшелері дейді.
Сөйлемдегі бастауыш, баяндауыштардан басқа сөйлем мүшелерін
тұрлаусыз мүшелер деп атайды. Оларға қандай? Кімге? Неге? Нені?
Қашан? қайда? т. б. сұрақтар қойылады
3 топ: Жай сөйлем туралы не айтар едіңдер? Жай сөйлем нешеге бөлінеді?
Бір ғана тиянақты ойды білдіретін жеке сөйлемді жай сөйлем дейміз. Жай сөйлем жалаң және жайылма болып екіге бөлінеді.
4 топ:.Жалаң сөйлем дегеніміз не? .Жайылма сөйлем дегеніміз не?
Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем деп атаймыз.
Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері бар сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.
Олай болса бүгінгі сабақта жалаң және жайылма сөйлем жайында
3 сыныпта алған білімімізді бекітеміз.
4 Оқулықпен жұмыс
Дәптерді ашып бүгінгі күнді және тақырыпты жазып қояйық
15-жаттығу Интерактивті тақтаға жазып орындау.
Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемге айналдыр..
Тау мұнартады. Алыстан тау мұнартады.
Өсімдік көктейді Көктемде өсімдік көктейді.
Жел тұрды. Жел қатты тұрды.
Шық түсті: Таңертең шық түсті.
Бұлт қаптады. Аспанда бұлт қаптады.
-Балалар біз тақтаға не жаздық
- Сөйлем сөзіне қатысты не білеміз?
1.Сөйлем сөздерден құралады.
2.Сөйлемдегі сөздер мағынасына қарай өзара байланысады.
3.Олардың байланысын сұрақ қою арқылы анықтайды.
Сергіту сәті
«Күй » әуенімен орындау
Оқулықпен жұмыс
17 –жаттығу (көркем етіп жазу)
Жайылма сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдау
Депутат сайлаушылармен кездесті. Ар алтынмен өлшенбейді.Күзгі суық өңменінен өтеді.Дулат ертең ауылға жүрмекші. Аңшы қақпан құрды. Құсбегі бүркіт салды.
Шығармашылық жұмыс
18-жаттығу Сөзжұмбақ шешу
Төрт сөзден тұратын жайылма сөйлем құрау.Құраған сөйлемге графикалық талдау жасау.
Шыңғыс қағаздан қайық жасады.
.
Топтық жұмыс
20-жаттығу Берілгенін оқыту
- Суретте не бейнеленген?
- Поэзиялық сәт (Өлең оқылады)
-
- Өлең мен суретті байланыстыра отырып әр топ әңгіме құрап жазады.
Өздік жұмыс Ойын «Мақал ішінде мақал»
Жерде, кітапта, алтын, білім
Білім кітапта, алтын жерде
і 6 н 7 р е
Сабақты бекіту
Өз білімін тексеру ( Мұғалім тексереді, оқушы өзін-өзі бағалайды.)
Жай сөйлем жалаң және ... болып екіге бөлінеді. Жалаң сөйлем ... пен баяндауыштан құралады. Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлемді ... сөйлем дейді. ... мүшелер бастауыш пен баяндауыштан тұрады. Олар сөйлемдегі негізгі ойды білдіреді. Сөйлемдегі бастауыш, баяндауыштардан басқа сөйлем мүшелерін ... мүшелер деп атайды. Оларға қандай? кімге? неге? нені? қашан? қайда? сұрақтары қойылады.
Семантикалық карта
жалаң жайылма
Тоқылдақ орман емшісі.
Ешкі лақтады.
Ұшақ биікке көтерілді.
Мұғалім кірді.
Талапты ерге нұр жауар.
Жапырақ түсті.
Күн суыта бастады.
Үйге тапсырма 19 –жаттығу Ережелерді қайталау
Бағалау
Мұғалімнің қорытынды бағалауы
Кері байланыс «Екі жұлдыз,бір тілек»
-Сонымен балалар біз сабақта не туралы өттік.
- Сабақ сендерге ұнады ма? Не ұнады,не ұнамағаны жайында және қандай пікірлерін, тілектерін бар екенін жазып ,тақтадағы алма ағашына ілеміз. Алмамыз қандай көп болса әрқашан Отанымызда сондай молшылық болсын деп тілеймін. (Стикерге жазу.Әр оқушы өз ойын білдіреді)
1. Соңғы тыныштық сәтi.
Жай музыка қойылады.
Құрметті оқушылар жайланып отырып, көздеріңізді жұмып, бүгінгі сабақтан алған жақсы сәттерін жүрегіңізге түйіп алаңыз.
Сауле
Асыл жазғы даланың көркін.....