Мұғалімнің аты-жөні: Смаилова Ұлтуар Жакановна
Жұмыс орны: Текелі қаласы «№ 5 орта мектеп» КММ
Қызметі: Бастауыш сынып мұғалімі
Санаты: жоғары
Пән: Әдебиеттік оқу 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жекен Жұмақан «Ақ боран»
Бөлім |
Тапсырма |
Деңгейлік тапсырма |
Білім: Оқушыларды Ж.Жұмақановтың өмірі жайлы әңгімемен таныстыру; |
«Қар ұлпалары»арқылы шағын топқа бөлу. Мақсаты: серіктестік қарым-қатынас жасауға ыңғайлы орта құру.1топ-«Мұз», 2топ-«Аяз», 3 топ-«Боран», 4 топ-«Қар». Әр топтан топ басшысы топтарға жылы лебіздер айтады Шағын топтарға жұмбақтар беріледі. |
Сұрақтар қою: 1.Дегелең өлеңінде Бекетай неге үй ішін әуреге салды? 2.Дәрігер Бекетайдың істеген қулығын білді ме? 3.Бекетайдың ісіне баға бер? |
Түсінік: Ж.Жұмаханов туралы түсінік беру.Әңгіменің мазмұнын алу. Негізгі кейіпкерлерді айқындай отырып,идея-ның мазмұнын түсіну. |
Боранның ысқырып соққан үнін интербелсенді тақта арқылы оқушыларға тыңдату. Жұмбақты шешу арқылы аттарын қою. 1.Суда қалқиды, Жылыда балқиды.(Мұз) 2. Таусылмайтын ақ мақта, Қысы — жазы тау жақта. (Қар) 3. Тоңғақты таниды, Беті — қолын қариды. (Аяз) 4. Көрінбейді өзі, Айтатын жоқ сөзі. Ысқырып тұрады, Серуен құрады. (Боран) |
Ауызша сұрақтар: 1.Қандай дыбыс естідіңдер? 2.Ненің дыбысы деп ойлайсың? 3.Қай мезгіл елестеді? |
Қолдану: бағыт -бағдар бере отырып, өзіндік жұмыс істеу,ой өрісін дамыту,білім, іскерлік дағдыларын дамыту,қалып-тастыру |
Мәтінмен жұмыс: 1.Мәтінді оқып шығу. 2.Түртіп алу «+», «-» 3.Сөздікпен жұмыс жасау. 4.Бөлікке бөлу. 5.Әрбір бөлікке ат қою. 6.Бөліктерді төрт топқа бөліп беру. |
Сөздік жұмыс: Ышқынады- қатты соғады. Екіліне- желдің екпінді соғуы. Бүлкек – аттың желіп жүруі |
Талдау:Өзіндік талдау жеке топтық жұмыста шапшаңдық танытуға, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру |
«Бәйге» әдісі бойынша жұбына әңгімелеу.Топта талдау,топтарға сұрақ дайындау.Басқа топқа барып әңгімелеу.Қысқаша мазмұнын айту Бөлінген бөліктер бойынша тапсырмаларды орындау |
Постер жасау 1-топ:Өз бөлігі бойынша графикалық сурет салу,түсіндіру.Қысқа тән болжамдар айту. 2-топ: Қыс бейнесін салу.Мақал айту. 3-топ: Кесте толтыру.Қасымға мінездеме беру. 4-топ: Мәтінге композиция құру (Сұрақтарға жауап бере отырып) |
Жинақтау:сабақтан алған білімдерін жинақтау, қорытындылау, бекіту, оларды жылдамдыққа, ептілікке, алғырлыққа үйрету. |
Сұрақтар: 1.Қасым неге қыста үйіне бара алмады? 2.Мәтіннен қыс бейнесін ата. 3.Қасым қалай өз бағытын анықтады? 4.Алыстан бір қараның көрінуі. 5.Табиғат бейнесін адам кейіпте суреттесе оны қалай атайды |
1-топ: Түнде жапалақ-жапалақ қар жауса,ертемен жел көтеріліп, ақ түтек, ақ боран ышқынады. 2-топ: Кеше ғана күн ашық еді, даланы жапқан ақ көрпе күмістей жылтылдап, көзге шағылысып,шығармақ болып тұрған. 3-топ: Аяғын жылыту үшін аттан түсті, жиренді жетелеп,домалана аяңдап,біраз жаяулады, үйіріле соққан жел мұны бірнеше рет құлатып кете жаздады. 4-топ: Тебініп қалып,желе жөнелді,жирен басын төмен салып,ызғырық боранды сүзе,қайта-қайта пысқыра береді. |
Бағалау: |
Оқушының кері байланысы Оқушы бүгінгі сабақта не ұнады, не ұнамады кері байланыс жазады. |
|
Үйге тапсырма: |
155-157 бет оқу. Тақырып бойынша сурет салу. |
Жанерке
Рахмет көп көп