Аргинова Жанар Нурлыбекқызы
бастауыш сынып мұғалімі
Ораз Жандосов атындағы
орта мектебі МДШО КММ
Алматы облысы, Райымбек ауданы,
Нарынқол селосы
Қазақ тілі сабағы
Тақырыбы: Қос сөздер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қос сөз сөйлем ішінде бір сөздің қайталануы арқылы және екі түрлі сөздің қосарлануы арқылы жасалып, жаңа ұғым тудыратынын ұғындыру.
Дамытушылық: Сөйлем ішінен қос сөздерді таба білу, оның мағынасын ажырата алу, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, сауатылыққа, тазалыққа тәрбиелей отырып, ұжыммен жұмыс жасауға жетелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену, салыстыру.
Сабақтың көрнекіліктері: Тірек-сызба.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сабаққа даярлық, түгендеу
2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Қайырлы күн достым
Қайырлы күн болсын
Сәрсенбінің сәті
Сәттілікке толсын!
Бүгін алар бағамыз,
Тек бестіктер болсын!
- Барлығыңа сабақта сәттілік тілеймін!
Өзімізге сенеміз
Білім қуып келеміз
Білімді бала болам деп,
Сіздерге уәде береміз
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
1. Жаттығуды тексеру, оқыту
2 .Күрделі сөз деген не?
3 .Күрделі сөз нешеге бөлінеді?
4. Біріккен сөз дегеніміз не?
ІІІ.Жаңа сабақ.
1. Ойын «Сыңарын тап!»
Жылт-жылт
бүгін-ертең
биік-биік т.б
2. Қос сөздің тұлғалық ерекшелігі мен жасалу жолындағы айырмашылығын таныту мақсатында мысалдарды салыстыру арқылы жүзеге асырылады.
Мысалы: Бет-аузын екі білегімен кезек-кезек сүртті.
Демек,екі сөз қосарланып келгенде, олар жеке айтылуына қарағанда кең ұғым білдіреді.
3.Сол сияқты кезек-кезек, гүрс-гүрс деп қосарланып айтылғанда көптік ұғыммен салыстыра отырып, қимылдың әлденеше рет қайталанғанын білдіреді.
4.Сөздің алдына күшейткіш буын қосу арқылы да қос сөздер жасалады. Мысалы: қап-қара, тап-тар, түп-түзу.
Екі сөздің қосарлануынан жасалған күрделі сөздерді қос сөз деп атаймыз. Жазуда қос сөздің арасына дефис (-) қойылады.
Дәптермен жұмыс.
Күннің ретін жазу.
2-жаттығу. Қосарланып жасалған күрделі сөздердің құрамындағы түбір сөздердің жеке тұрғандағы мағынасы мен жаңа сөз жасалғаннан кейінгі мағыналарын оқушылар салыстыра отырып түсіндіреді. Олардың қалай жасалғанына,арасына қойылған дефиске назарын аудару.
Мысалы: Қазы-қарта, жал-жая қазанда бұрқ-бұрқ қайнады.
Ауызша:
3-жаттығу.Суретке қарап, заттардың атауларын қос сөзбен айту.
Мысалы: ыдыс-аяқ, газет-журнал, құрал-сайман.
Сергіту сәті.
4-жаттығу .Жаңылтпашты жатқа жазу. Қос сөздерді тауып, астын сызу.
Жұмбақтар сайысы.
1. Қабат-қабат киінген
Төбеден шашы түйілген.
Жеп көріп едім өзінен
Жас шығарды көзімнен. (Пияз)
2. Жылт-жылт етеді,
Жылғадан өтеді. (Су)
3.Тырс-тырс тамады,
Сайға қарай ағады. (Жаңбыр)
5-жаттығу. Қос сөздерді тауып, тыныс белгісін қойып,көшіріп жазу.
ІV. Сабақты қорыту.
V. Бекіту.
VІ. Рефлексия:
- Балалар, бүгін біз не үйрендік?
- Сабақ сендерге ұнады ма?
- Несімен ұнады?
«INSERT» стратегиясын пайдаланамыз.
«v» білемін |
«-» ойым бөлек |
«+» жаңа ақпарат |
«?» білгім келеді |
|
|
|
|
VІІ. Үйге тапсырма: 5-жаттығу, 107 бет.
VІІІ. Оқушыларды бағалау.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі