Өлең, жыр, ақындар

Заказға Әкесіне

1959 күз еді,
Күзде күнде суынғаны сезеді.
Өсербаймен Гүлрабиға үйінде,
Торсықтай ұл мына өмірге келеді.
Барша халық мәз болысып толысып,
Сүйіншілеп жүректері болысып,
Тілек тілеп Алланың бар бергенін,
Өскенбай деп атты оған береді.
Оқу оқып білім алды әкешім,
Әкешімді мақтап қалар сәт осы,
Озат болған оқуында әрдайым,
Алған үлкен аталардың батасын.
Әкетай сенсің менің жанашыр.
Өмірде жиған бүкіл бар асылым,
Жалғыз өзің татисың барша жұртқа,
Сондықтан сенсің менің бір ғасырым.
Мен үшін әлем болған ол әкешім,
Жүрекпенен сүйетін әр баласын.
Жүрегінің ішіне сақтап алған,
Туған жердің аңқыған бар даласын.
Қызметті де атқардың сен тым ерек,
Біздер үшін алар орның бір бөлек.
Қанша жылдық тәжірибең тағы бар,
Әкімшілік,мектепте де тұр дерек.
Анашыммен отау құрдың тойлатып,
Жангүл менен Нұргуліңді жайнатып.
Серік ұлың бар еді тым ерекше ,
Біздің жүрек оған деген бөлекше.
Адамның емес,Алланыкы болады,
Аллахым оған тек Жәнәтті нәсіп ет.
Бекір ұлың мықты тұлға бүгінде,
Шолаққорған өңірін тұр сайратып.
Таңшолпанға келер болсақ бөлек қой.
Арамызда кіп-кішкентай ерек қой,
Гүлдей болып жайқатылып өскені,
Әке жалғыз сенің ісің біліп қой.
Үйде біздің қазына бар бір алтын,
Ол әжеміз күлімдеген ақжарқын.
Алла қолдап жүзге жасы толғанда,
Тойлатамыз жиналып ап бар халқым.
Тілейтінім барша келген жандарға,
Отбасымды сыйлап келген адамға,
Дәл осындай құтты отбасы болыңыз,
Біздей болса болар деймін арманда.
Ешқашанда бастан бақыт таймасын,
Аруларым өссін биік жайнасын.
Ерлеріміз арамызда аман боп,
Жүрегіміз мәңгі соқсын талмасын.




Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз