Кітапты қоя тұрып парақтаған – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Кітапты қоя тұрып парақтаған» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3256
Кітапты қоя тұрып парақтаған,
Кішкене аялдап ап әрі аттанам.
Бір мезет
Дүниені түгел ұмытып,
Өзіммен-өзім болу керек маған.
Қаншама сеніп сөзге,
Еріп тілге,
Қажыдым бір суретті көріп күнде.
Аңсаймын оңашаны,
Керегі жоқ
Бір мезет жолдастың да,
Серіктің де.
Бір мезет мезі қылып арағың да,
Келеді қашып кеткім Қарақұмға.
Бір мезет
Баз кешкендей дүниеден,
Келмейді қыз-қырқынға қарағым да,
Татитын оны жүзге,
Жүзі мыңға —
Апыр-ай —
Шаршатады қызығың да!
Бір мезет
Дүрілдеген мотор түгіл
Көтермен сары масаның ызыңын да.
Шалқытып от жүректің қайран өртін,
Бір мезет
Өлең-жыр боп сайра, дертім.
Ол кезде жабамын мен біраз күнге
Көңілдің халықаралық аэропортын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кітапты қоя тұрып парақтаған өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Кітапты қоя тұрып парақтаған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кітапты қоя тұрып парақтаған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кітапты қоя тұрып парақтаған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері