Айқаракөз – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Айқаракөз» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2019
  • 0
  • 0
  • 6382
Айналайын қарағым, қара қасыңa
Қос иықтан бұралған қолаң шашың.
Айқаракөз, жүрмісің сау-саламат,
Қызыл гүлім-ай!

Жөнің бөлек, Айқаракөз,
Жүрмісің сау-саламат,
Қызыл гүлім-ай!

Алтын қайық жарасар күймесімен,
Наздана алмай сұлу қыз сүймесімен.
Айқаракөз, жүрмісің сау-саламат,
Қызыл гүлім-ай!

Жөнің бөлек, Айқаракөз,
Жүрмісің сау-саламат,
Қызыл гүлім-ай!

Күндіз ойдан кетпейсің, түнде түстен,
Тал бойыңда мінің жоқ,
Жөнің бөлек, ай, бұлбұлым,
Жүрмісің сау-саламат,
Қызыл гүлім-ай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері