Өлең, жыр, ақындар

Әгугәй-угәй

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 09.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2867
Кегеннің біздің ауыл, ахау, төрінде отыр-ай,
Баяғы өзің көрген, айхой, жерінде отыр, әгугәй-угәй.
Көңілің шыныменен, ахоу, менде болса-ай,
Көзіме сағат сайын, ахоу, көрін де отыр, әгугәй-угәй.

Па, шіркін,
Дүние-ау жалған,
Әгугәй арман-ай.
Түспейді еркін қолға,
Айхой, көңілге алған
Әгугәй-угәй.

Дүние тұманданған, айхой, мұнарланған-ай,
Білмеймін кім алдаған, айхой, кім алданған, әгугәй-угәй.
Арманға айдап шыққан, айхой, арбасынан-ай,
Түсіріп кете ме екен, айхой, мына жалған, әгугәй-угәй.

Па, шіркін,
Дүние-ау жалған,
Әгугәй арман-ай.
Түспейді еркін қолға,
Айхой, көңілге алған
Әгугәй-угәй.

Қарқара, шөбің шүйгін, айхой, басың биік-ай,
Бауырыңда ойнақтаған, айхой, арқар, киік, әгугәй-угәй.
Түскенде сен есіме, айхой, қимас қалқам-ай,
Қайғысын дүниенің, айхой, алдым жиып, әгугәй-угәй.

Па, шіркін,
Дүние-ау жалған,
Әгугәй арман-ай.
Түспейді еркін қолға,
Айхой, көңілге алған
Әгугәй-угәй


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әгугәй-угәй өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Әгугәй-угәй өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Әгугәй-угәй өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әгугәй-угәй өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері