Өлең, жыр, ақындар

Әридай

  • 09.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2146
Ақ отауға жарасар ойған манат-ей,
Ақын-салдар құрады бек салтанат-ей.

Әридай,
Даусым, халқым-ай таниды-ай.

Ақындықпен өлеңді біз айтпаймыз-ей,
Үлкендерден қалыпты ойын-санат-ей.

Әридай,
Даусым, халқым-ай таниды-ай.

Қой ішінде сүйгенім ісек-тұсақ-ей,
Қойдың еті тураса болады ұсақ-ей.

Әридай,
Даусым, халқым-ай таниды-ай.

Атамыздың атасы өлеңші екен-ей,
Біз де өлеңші болайық, солар құсап-ей.

Әридай,
Даусым, халқым-ай таниды-ай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сәлима салған сәулем-ай

  • 0
  • 0

Бір қамшым бар қолымда бүлдіргелі,
Бір сөзімді айтайын күлдіргелі.
Ағажай, Сәлима салған сәулем-ай.
Әрі отырған орыннан бермен отыр,

Толық

Қарғам-ау (3 нұсқа)

  • 0
  • 0

Қарғам-ау, сен қалайсың, а, мен дегенде-ай!
Құриды ынтық зарым, әй, қарғам-ау, сен дегенде, әй!
Әй-а-ла-ла-лай
Уа-ла-ла-ла-лай а-ла-а.

Толық

Жастарым

  • 0
  • 0

Жастарым бір гауһар тас жайнап тұрған,
Ән салып, бұлбұл құстай сайрап тұрған.
Күн аяз, қарлы боран болса-дағы,
Қан қызып жүзі қайтпай қайнап тұрған.

Толық