Адасу – Мерей Қартов

Бұл бетте «Адасу» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 585
Көк тұманға қамалсаң,
Естімейді тау керең.
Жартас болып жаралсам,
Жаңғырмай-ақ, ау дер ем!
Іште толған шерімнен,
Ызғырық жел үдейді,
Нәзік болып көрінген,
Жапырақтар үрейлі
Бір шетіне Баспанның,
Жетті жирен жорғалап.
Жұлдыз көзін-Аспанның,
Ағызып жүр жарғанат.
Жиренімді жел бүріп,
Жер ортада тоқтадым.
Көк жүзіне телміріп,
Темірқазық таппадым.
Күреңімді күрмедім,
Күдер үзіп Аспаннан,
Менің алғаш сүрлеуім
Адасудан басталған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері