Өлең, жыр, ақындар

Ей, жаңбыр

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 746
Көзімді жұмсам түс көре берем,
Алданып бұлдыр елеске.
Жаңбырдан соңғы даланың исі,
Салады неге сені еске?!

Күдік пен үрей еңсені басты,
Қарағым келген зеңгірге.
Тамшылар тағы шатырды қақты,
«Жылайық» дейді кел бірге.

Түйме де бір боп, түйе де бір боп,
Жел сөздер тағат тауысқан.
Шиеге қонып шыр-пыр болатын,
Көрінбей кетті сауысқан.

Түбі бір жақсы хабар келеді,
Жамандық айтқан оңбайды.
Уайымның да болады шегі,
Жылауға маған болмайды!

Шекер мен суды кезек сапырып,
Наурыз дейтін мейман жүр.
Жылауға маған болмайды дедім,
Алыстап кетші ей жаңбыр!!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Білмейсің

  • 0
  • 0

Білесің айтқаныңа сенерімді
Сен үшін жырдан моншақ терерімді.
Сен үшін мекеніңнің адамдарын,
Өзгелерден жақындау көрерімді.

Толық

Жұпар ауа

  • 0
  • 0

Сұрай сұрай талықсыдым тағдырдан,
Бір жақсылық күтіп мына жаңбырдан.
Алма ағашы қатар-қатар тізілген,
Аппақ гүлін төсеп жатыр алдымнан.

Толық

Жанып бітті сезімдер

  • 0
  • 0

Жанып бітті сезімдер шоққа айналды,
Саған деген сағыныш жоққа айналды.
Аялайтын жаныңды шырын сөзім,
Айтқан сайын жаралар оққа айналды.

Толық