Қаражал – Мерей Қартов

Бұл бетте «Қаражал» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1021
Менің жаным қоштасуға осал-ақ,
Туған жердің тауын жүрмін тасалап.
Қаражалға қағанағын жаруға,
Қара бұлттар көп келеді бошалап.

Ақ бас шыңға бауырларын емізіп,
Бұйра бұлттар жантаяды бел үзіп.
Жұпар жұтып, ер-тоқымды жастанам,
Ақ жусанды айғырыма жегізіп.

Жүрегімде әр нотасы жаңбырдың,
Әр жартаста мұңдарымды қалдырдым
Аспан шешем, бұлтты күні толғатып,
Айлы түнде тауда туған-ТАҒДЫРМЫН.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері