Таң – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Таң» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 564
Ақ ару, айлы түнде сыр ұғысқан
Шолпанды шығарып сап, күнді құшқан.
Арайлы ақ таң, әсем ақ сәулелі
Секілді тіршілікпен бір туысқан.
Аралап тау, тоғайды, өзен, көлді,
Аймалап терезеден есік-төрді
Тіршілік станогін іске қосып,
Ақ жарқын болашаққа ту көтерді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері