Қайыршы – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Қайыршы» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 1015
Мінәжатхана алдында
Қайыршы тұрып сарнады.
Сорлыны дарқан зор-мұңға
Есіне ешкім алмады.
Әркімге қарап тамсанып,
Сұрады жалғыз үзім нан.
Қолына түйір тас салып,
Кетті бір алдап бұзылған.
Сондай-ақ мен де алдыңда
Жасымды төктім күні-түн.
Көңілге қаяу салдың да,
Алданды мәңгі үмітім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері