Шумақтар – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Шумақтар» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 740
I
Жұлдызы мен тағдырымның
бірге сөнген тәтті арманым.
Тек жанарда қалды мұңым,
көз салсаң да шаттанбадым.
Жас төккенмін, жылауменен
мені талай басқан қайғы.
Тас мүсіндей мынау денем,
көзден бүгін жас тамбайды...

II
Күлкі қылдың сонда мені,
мен де саған жалынбадым –
ал жүректің болмады емі,
жалғыздықтан арылмадым.
Жатпыз енді - бар білерім.
Көзден жасым ақса да үдеп.
Шыңғырса да жан-жүрегім
сүйе алмаймын басқаны деп...

III
Мен өзімді құрбан еткем
Құштарлыққа, сенен бөтен.
Алғашқы арман зырлап өткен
тілесең де келер ме екен.
Быт-шыт болған со күндегі
ұмытар ма үмітті ешкім...
Өлтіріп ең өзің мені –
енді қалай тірілтпексің?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері