Бұл бетте «Әсем әнім сырнайдай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көзіңнен айналайын қарақтарым,
Секілді ақ қазина тамақтарың.
Болғанда сіз бір лашын, біз бір сұңқар,
Білмеймін қай жеріне қонақтарын.
Ахау әнім,
Әсем әнім сырнайдай,
Әлем сүйіп тыңдайды-ай.
Тамылжытып ән салмай,
Күнде думан болмайды-ай.
Көзіңнен айналайын қырғи қабақ,
Ойнаған су бетінде сен бір шабақ.
Салсам да алтын қармақ ілінбейсің,
Қайтейін қылығыңды, ей, ақтамақ.
Ахау әнім,
Әсем әнім сырнайдай,
Әлем сүйіп тыңдайды-ай.
Тамылжытып ән салмай,
Күнде думан болмайды-ай.
Малика
Әсем әнім сырнайдай халық әні тез айтылады
Бекасыл
Керемет айтылған өлең