Жас дәурен – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Жас дәурен» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.05.2019
  • 0
  • 0
  • 4468
Мен шықтым кешке қарай самалдарға,
Сөз айтпа қадыр білмес жамандарға.
Жас күнде арыстандай айбарлы едім,
Қартайып жас жеткен соң, амал бар ма.

Ах-ау, күндерім-ай,
Жас дәурен, өтеріңді білмедім-ай.

Жас дәурен, мені қайда бастамадың,
Кей уақыт ерік бермей баспаладың.
Отырмын қартайған соң нардай шөгіп,
Басымнан өткеннен соң жастық шағым.

Ах-ау, күндерім-ай,
Жас дәурен, өтеріңді білмедім-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері