Сусамыр – елдің жайлауы – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Сусамыр – елдің жайлауы» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.05.2019
  • 0
  • 0
  • 15882
Айналайын, қарағым, хал жақсы ма,
Сала берме көзіңді әр жақсыға.


[Қайырмасы]
Сусамыр, елдің жайлауы,
Өмірдің бар ма байлауы.


Сала берсең көзіңді әр жақсыға,
Бәрі жақсы көрінер алғашқыда.


[Қайырмасы]
Сусамыр, елдің жайлауы,
Өмірдің бар ма байлауы.


Елдік деймін, ендеше елдік деймін,
Сұлу қызға жарасқан белдік деймін.


[Қайырмасы]
Сусамыр, елдің жайлауы,
Өмірдің бар ма байлауы.


Сырттай ғана өзіңді білуші едім,
Әдейі арнап аулыңа келдік деймін.


[Қайырмасы]
Сусамыр, елдің жайлауы,
Өмірдің бар ма байлауы.


Қара күрең асау-ай, кермегім-ай,
Еріккенде бағатын ермегім-ай.


[Қайырмасы]
Сусамыр, елдің жайлауы,
Өмірдің бар ма байлауы.


Қанша ауыл, қанша жер кезсем-дағы,
Сұлу жанды өзіңдей көрмедім-ай.


[Қайырмасы]
Сусамыр, елдің жайлауы,
Өмірдің бар ма байлауы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері