Сұлу қыздың сыны – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Сұлу қыздың сыны» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3786
Баға жетпес жақсыға бір гауһар тас-ей,
Он алты, он жетіге келгенде жас, күнім-ау.

Күнде базар елім-ай,
Шаттық көңіл жерім-ай.

Пісіп тұрған жанаттың алмасында-ей,
Алма мойын, ай жүзді, қиылған қас, күнім-ау.

Күнде базар елім-ай,
Шаттық көңіл жерім-ай.

Бір сұлу бар жаһанда шынарланған-ей,
Жанның бәрі сол қызға құмарланған, күнім-ау.

Күнде базар елім-ай,
Шаттық көңіл жерім-ай.

Сол сұлудың сипаты тілден келмес-ей,
Әсем тағып мойнына тұмарланған, күнім-ау.

Күнде базар елім-ай,
Шаттық көңіл жерім-ай.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері