Жаз болса – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Жаз болса» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 12.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2832
Жаз болса жердің жүзі жайнап тұрған,
Ән шырқап бұлбұл құстар сайрап тұрған.
Болғанда қырық күн шілде, сарша тамыз,
Ыстық боп жердің жүзі қайнап тұрған.

Әй, айым,күнім-ай,
Айхай, жаздың күні майдай-ай!

Бөленген жердің жүзі жасыл жібек,
Күлімдеп күнге қарап қылған тілек.
Қалған жоқ елжіремей тастан басқа,
Жан сәулем, тас болды ма сіздің жүрек?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері