Бұл бетте «Қыз сағынышы» атты Тұманбай Молдағалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шыға келсең алдымнан күліп тағы,
Атпас па еді жадырап үміт таңы.
Тамылжыған сыры мол айлы түнді
Сүйген жүрек қалайша ұмытады,
Сүйген жар.
Қайырмасы:
Сыбырлайды жасыл бақ,
Жоқсың бірақ, қасымда,
Сағындым жайдары күлкіңді,
Сағындым, сүйген жар, сол түнді.
Алыстасың, аяулы аңсағаным,
Сағыныштан жабырқап ән саламын.
Көңілімнің күні боп келсең, сәулем,
Көктемнің гүлі боп қарсы аламын,
Сүйген жар.
Қайырмасы.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі