Жеті нота – жеті өзен – Тілеуғазы Бейсембеков

Бұл бетте «Жеті нота – жеті өзен» атты Тілеуғазы Бейсембеков жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 15.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2574
Жалғыз жүріп тосылсаң,
Ісіңде жоқ берекет.
Жеті нота қосылса,
Қуаты бар керемет.

Күңіренсе жетеуі –
Көкті торлап мол тұман,
Мұхит болып кетеді,
Тебіреніп толқыған.

Елжіресе жетеуі –
Жыр төгіліп қанатты,
Тойлап таудың етегі,
Бұлақ болып ән ақты.

Даламызда сағымды
Күмбір-күмбір күй ақты.
Жетісудың ағынды
Жеті өзені сияқты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері