Ноталар тізбегі (гамма)
Си –
Ля,
Соль,
Фа,
Ми,
Ре,
До,
Секілді бір баспалдақ.
Көрсетеді ол да сый,
Әр сатысын басқанда-ақ.
Күй төккендей болады,
Бабын тауып құлақтың.
Шыққан сайын жоғары –
Сыңғырындай бұлақтың.
Биікке шық, ән үйрен,
Жүрексіздер жасқанбақ.
До,
си,
ля,
соль,
фа,
ми,
ре –
Төмен түсер баспалдақ.
Білсең бәрін атымен,
Күйге толар өмірің.
Төмендесең сатымен,
Баурап алар қоңыр үн.
Онсыз сәнге толмас үй,
Ән жатпаса аспандап.
До, ре, ми, фа, соль, ля, си –
Әуен жолы баспалдақ.
«ҚОЛБАСШЫ»
Көңіліне толар үн,
Тыңда нота тізбегін.
«До» нотасын солардың
Ең алдынан іздегін.
Дыбыстардың тірегі,
Жалғыз өскен еркедей.
Бәрін ертіп жүреді,
Қой бастаған серкедей.
Алтауы одан аспайды,
Сол болады басты ерің.
Қолбасшы боп бастайды
Ноталардың әскерін.
«ДО»
Өнер жолы ғажайып,
Әрі қиын, әрі ізгі.
«До» нотасын жазайық
Кәдімгі до-до-доп тәрізді.
Дыбыстардың елінен
Шеңбер алып до-до-домалақ,
Бір сызайық белінен,
Кетпес үшін до-до-домалап.
«До» нотасы осылай
Жазылады, до-до-досым-ай.
«РЕ»
Баурап алар күшіңді
Сиқырлы еді не деген?
Домбыраның үстіңгі
Қоңыр шегі «ре» деген.
Домбыраң күй толғаса,
Қалатындай тұншығып,
«Ре» нотасы болмаса,
Жарытпайды үн шығып.
Музыканы сүйіне
Тыңда, оны ке-ре-к ет.
«Ре»-ні шертсең, күйіңе
Үн қосылар ке-ре-мет.
«СОЛЬ»
«Соль» нотасын іздедің бе,
Қайда екен деп тұрағы.
Ноталардың тізбегінде
Бесінші боп тұрады.
Күмбіріне домбыраның
Болсаң егер шөлдеген,
Астыңғы шекті дәл бұрағын,
Нотаға сап «соль» деген.
Сазын берсе асқақ үннің,
Екі нота: «ре» мен «соль» –
Құлақ күйі аспабыңның
Келісіп тұр деген сол.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі