Бұқтарма теңіз үстінде

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 21.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1791
Бұқтарма теңіз үстінде
Аралдар бар не қызық.
Тұрады мұнар ішінде
Толқынға төсін емізіп.
Дүрбімен көріп кешкілік,
Азанда соған тартамыз.
Күн бойы сауық қос құрып,
Ат тауып қойып қайтамыз.
Біз жүрген бейне Магеллан,
Аралдар ашып талмастан.
Бәрі де тастан жаралған,
Мүкпенен басын тал басқан.
О баста олар құз екен,
Баурында бұлттар қайнаған.
Ай, жұлдыз түнде күзеткен,
Асыр сап арқар жайлаған.
Өн бойын енді су басып,
Баурында толқын дүрліккен,
Қалыпты аман қу басы
Кешегі мықты тірліктен.
Өлу мен туу - солай да
Тағдыр бір тәлкек етпесін,
Еткен соң оны аяй ма,
Алып тұр қазір екі есім.
Бірінші біздің есте жоқ,
Өзіміз қойған ат аян.
Таңертең көрген кеш те жоқ,
Тағдырда сондай жоқ баян.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұқтарма теңіз үстінде өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Бұқтарма теңіз үстінде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Бұқтарма теңіз үстінде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұқтарма теңіз үстінде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері