Оралайық, Ақбоз ат

Бұл бетте «Оралайық, Ақбоз ат» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.05.2019
  • 0
  • 1
  • 1643
Оралайық, Ақбоз ат,
Олжамыз аз демейік.
Дем ал сен де, бел босат,
Қоржын басын көрейік!
Жазғы дала жомарт қой –
Болмас онда сөз десу.
Кештік бастан талай той,
Той дегенің — кездесу.
Кездестік біз гүлменен,
Бұлбұлменен, қызбенен.
Киікпенен гулеген,
Аққуменен іздеген.
Жаңбыр тілеп шөлдеген
Қариясымен елдің де.
Көк тоғайда көлбеген
Көне терек көрдің де.
Жылқышымен, әншімен,
Көрдің шапқыш құлынды,
Көктен түскен тамшымен
Көзін жуған сұлуды.
Жеңгемен де, ағамен,
Нағашымен, жиенмен
Айтысыппыз көп олең,
Салтымызбен үйренген. 
Бәрі — соның туған жер,
Бәрі — соның елдік қой.
Сау күнінде зырлай бер,
Баяғы бір кеңдік қой —
Кендікпенен жеңдік қой.


Пікірлер (1)

Анджело

Klass eta super

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Оралайық, Ақбоз ат өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Оралайық, Ақбоз ат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Оралайық, Ақбоз ат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Оралайық, Ақбоз ат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері