Көк дәптер – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Көк дәптер» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3504
Көк дәптер ақын қолы шимайлаған
Арқандай әр қазыққа жыр байлаған,
Үзілген түрлі ағаштан
Жапырақтай
Кітаптың сүйегіне сыймайды әмән.
Бұл жолы рет тауып, қоя бердім
Күйімен шала-шарпы бір қайнаған,
Ақын да бір сәби ғой, кеш, оқушым,
Өлеңнің сәулесімен күнде ойнаған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері