Шағала

Бұл бетте «Шағала» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1749
Көп күн аңсап тосқаным,
Сүйікті құс келдің бе,
Сағынды ғой аспаным,
Сағынды ғой жер мүлде.
Құс ұшпаса аспан да
Көзге шағын екен ғой,
Көктем деген қашанда
Өзге шағым екен ғой.
Кеңейтші бір көгімді
Емін-еркін шүйгіп сен.
Оятшы бір көлімді
Қиқу салып биіктен.
Керек болса тыншығу,
Кел толқынға қона қал,
Су астынан бір сұлу
Көтергендей орамал.
Мен қалайын мәз болып
Қарап сенің көркіңе,
Асау қиял тез көніп,
Табиғаттың еркіне.
Таң келеді, таң әсем,
Таңмен бірге жарысып,
Күн келеді, қара сен
Қарсы алдына бар ұшып.
Мен берейін көктемнің
Байғазысын сен сұрар.
Алмадым деп кетпейін
Базарлығың бар шығар.
Болмаса да жоқ өкпем,
Саған өкпе қиын ғой,
Мынау аспан, бұл көктем
Сенің маған сыйың ғой.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шағала өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Шағала өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шағала өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шағала өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері