Қарлығаш ұясы – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Қарлығаш ұясы» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2211
Осылай деп атаған
Шың үстінде тұр сарай.
Сонда нұрын сақтаған
Таңнан тұңғыш туса арай.
Оның жиһаз, жасауы
Ақ жібегі аспанның.
Табиғаттың асауы —
Сөзін ұқпас басқаның.
Шыңға қалай шықты екен,
Шырқап барған шебер кім?
Кім де болса мықты екен
Сол баласы өнердің!
Нажағай да, түн келсе
Жарық қылар сол үйді,
Топ-топ жұлдыз үйге енсе,
Ай есігін қориды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері