Ялтадағы бір шынар – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Ялтадағы бір шынар» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1397
А. П. Чеховқа

Ялтада бар бір шынар,
Серік еткен тау, күнді.
Көңіл көкке құлшынар
Көргенде сол зәулімді.
Сом денесі созылып,
Бұтағының өзі нық
Бұлтқа барып шаншылған.
Осы жерде көк бойлап,
Осы нұрға шомылып,
Тұрдың сен де көпті ойлап,
Бар Русьқа көрініп.
Мүмкін шынар мол шығар,
Елдер баптап өсірген,
Жақсы-ау бірақ, сол шынар
Өзіңді еске түсірген!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері